Баймен Алманов (1896, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы — 1943) — Қазақстандағы кеңес құрылысына белсене қатысушы.
Ақтөбе мұғалімдер семинариясын бітірген (1916). 1917 жылы күзінде Торғай облысының комиссары тарапынан қуғынға ұшырады. 1918 — 20 жылдары қызыл командирлерінің бірі, Ырғыз коммунистерінің жетекшісі, уездік ревком төрағасы болды. 1920 — 21 жылдары Қазақ АКСР Кеңестерінің 1 және 2-съездерінде Алманов ОАК-нің хатшысы болып сайланды, Қазақстанның -і ОАК-дегі өкілетті өкілі болды. 1922 — 23 жылдары Адай ревкомының төрағасы қызметін атқарды. Адай — түрікпен дау-таластарын реттеуге, Қазақстан шекарасын межелеуге белсене араласты. Алманов Алашорда қайраткерлеріне қарсы жүргізілген саяси науқандарға қатысты. 1931 жылы бастап Қазақ педагогикалық институтының және ұлт мәдениеті ғылыми-зерттеу институтының директоры болды, ғылыми-педагогикалық және шаруашылық қызметтер атқарды.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер