Бакен (голландық baken) — су жолындағы сақтандыру не қауіпсіз кеме жолын (фарватерді) белгілеу үшін қойылған қалтқы белгі. Ол конус, цилиндр немесе шар түрінде ағаштан не жеңіл металдан жасалады. Қараңғы түскен кезде оң жағадағы Бакенде қызыл, ал сол жағадағы Бакенде ақ түсті от белгі жанады. Электр жарығын пайдаланатын елді мекенге таяу жағалауда ақ жарық жасыл түспен алмастырылады. Бакенде көбінесе электр шамдары қолданылады, кейде ол дыбыстық сигнал құрылғысымен де жабдықталады.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , II том;
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |