Балапан — 1916—1918 жылдары Омбы қаласында шыққан қолжазба әдеби-саяси журнал.
1914 жылы астыртын құрылған оқушы қазақ жастарының Бірлік ұйымы шығарған. Жауапты редакторы Қ. Кемеңгерұлы болған. Не бары 4 — 5 нөмірі жарық көрген. “Балапан” туралы дерек аз. Кемеңгерұлының, С. Сәдуақасовтың, М. Жұмабаевтың еңбектеріндегі жанама мәліметтер қолжазба журналдың “бірыңғай көркем шығарма жариялап”, әдебиетшілікке талабы бар жастарды шыңдаған, ұлттық публицистика жанрларын дамытқан басылымдардың бірі болғанын аңғартады.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , II том;
- “Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер