1) Балдырған (лат. Heracleum) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын екі немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер.
Балдырған | ||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() Heracleum maximum | ||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||||||
60 түрі белгілі |
Қазақстанда (H. dіssectum) және (H. sіbіrіcum) деген түрлері бар. Олар Алтайда, Тарбағатайда, Жетісу (Жоңғар), Іле Алатауларында, Кетпен жотасында, сондай-ақ, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай облысындағы ылғалды шалғындарда өседі. Биіктігі 2 м-дей. Жұмыр сабағының сырты қырлы, іші қуыс болады. Үш құлақты жапырақтары қауырсын тәрізді тілімденген. Гүлдері ақ, сары түсті, күрделі шатырша гүлшоғырына топталған. Шілде айында гүлдеп, тамызда жеміс береді. Жемісі — сыртын түк басқан, ұзынша келген тұқымша. Балдырған — мол өнімді, қоректік заттарға бай, мал азықтық өсімдік, құрамында протеин (14 — 20%), клетчатка (11 — 14%), май (3 — 5%) және каротин (330 — 350 мг/кг) көп. Балаусасында қант көп (20 — 30%-тей) болғандықтан, таза күйінде немесе шала сүрленетін өсімдіктермен қосып, сапалы сүрлем дайындалады. Сабағы, жас өркендері тағамға пайдаланылады. Тамыры мен жапырағын медицинада, ал жемісінен алынатын эфир майы парфюмерия өнеркәсібінде қолданылады.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , II том;
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер