Баршынкент , Қызқала, – ортағасырлық қала орны. Сырдарияның төменгі ағысы маңында, Қызылорданың 25 шақырымдай жерде. Қала орнына өткен ғасырда П.И. , В.А. , 1946 жылы С.П. бастаған Хорезм археологиялық-этнография зерттеу жүргізген. Академия. Ә. Марғұлан Баршынкентті Алпамыс батыр жырындағы есімімен байланыстырады. Баршынкент Шыңғыс хан шапқыншылығына дейін оғыздар мен қыпшақтардың арасындағы шекаралық аймақтағы үлкен маңызды стратегиясы бекініс және мәдени-сауда орталығы болған. Хорезм, Қыпшақ, Қимақ хандықтары әскерлеріне табанды қарсылық көрсеткен. Кейін ұзақ уақыт қаланы ала алмаған Жошы хан әскерлері қамалды қоршаған орға өзен суын бұрып, қаланы суға бастырып, берілуге мәжбүр еткен. Шапқыншылықтан қираған қала көп ұзамай қалпына келтіріліп, Жошы ұлысының Сыр бойындағы орталығына да айналады.
Баршынкентте теңге соғатын сарай болғаны да белгілі. Осының бәрі оның Алтын Орда тұсында да ірі саяси, мәдени және білім ордасы болғандығын көрсетеді. 13 ғасырдың 2-жартысында Сыр бойында болған Жамал Қарши «Баршынкентте оғыздар мен қыпшақтар аралас тұрады» деп жазады. Баршынкент туралы мәліметтер орта ғасыр тарихшылары мен елшілердің қолжазбаларында көп кездеседі. Солардың бірі Джованни Плано Карпини: «Сыр бойының халқы мұсылман тілінде сөйлейді, салт-дәстүрлері де мұсылманша. Осы маңда қираған қамалдар мен қалалардың орындары өте көп. Жақын жерден өтетін өзеннің бойында тұрғаны – Жанкент, Баршын және . Олардан басқа да қалалар бар, бірақ біз олардың аттарын біле алмадық» деп жазады. Қаланың аты 15 ғасырдан бастап жазба деректерде кездеспейді. Оның күйреуіне не себеп болғаны әлі зерттелмеген. Баршынкент жайлы көптеген ғалымдардың (Д’ , В. , Марғұланның) еңбектерінен оқуға болады.
Әдебиеттер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, , II том Маргулан А.Х., Из истории городов и строительного искусства средневекового Казахстана, А.-А., 1951.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер