Басшылық
- 1) әскери бөлімді (құраманы) басқаратын басшы тұлғалары. Құрамына бөлім (құрама) командирі, оның орынбасарлары және штаб бастығы кіреді. Өзінің қызмет жағдайына байланысты басшылықка бағынышты күштер мен құралдарды баскаруға өкілеттілік берілген.
- 2) ұйымдарының бір түрі. Басшылық Қарулы Күштердің ұйымдық құрылымы ретінде, әдетте, оперативтік және стратегиялық аукымда құрылады, туракты және уақытша болып белінеді. Оперативтік міндеттерді орындайтын басшылық,
әдетте Қарулы Күштердің бір немесе әр түріндегі бөлімдер мен құрамалардан тұрады. Стратегиялық міндеттерді орындайтын басшылық құрамына қарулы кұштердің барлық түрлерінің құрамалары кіруі мүмкін. Алғаш рет басшылық ұйымдық құрылым ретінде 1936 жылы Ұлыбритания Әскери-әуе күштерінде пайда болған. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде басшылық Ұлыбритания қарулы күштерінің басқа да түрлерінде, Америка Құрама Штаттарының қарулы күштерінде пайда бола бастаған. Соғыстан кейін олар көптеген мемлекеттердің, оның ішінде НАТО әскери блогына кіретін елдердін қарулы күштерінде құрылды. 1970 жылдары Америка Құрама Штаттары мен Францияда стратегиялық авиациялық басшылық (САБ), тактикалық авиациялық (ТАБ), Ұлыбританияда соққы беруші авиациялық басшылық болды. Кейбір мемлекеттерде көліктік авиациялық басшылық, тылдың авиациялық басшылығы және т.б. бар.
- 3) Басшылық құрам тұлғаларының әскерлерді басқару бойынша қызметтерді орындауы.
Дереккөздер
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ , 2001 жыл
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер