Бас сақинасы, мигрень (фр. mіgraіne, гр. hemіkranіa — бас сүйегінің жартысы) — бастың ұстамалы ауруы, әдетте бір жартысы ауырады.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOWhMMkZrTDAxcFozSmhhVzVsTG1wd1p5OHlNakJ3ZUMxTmFXZHlZV2x1WlM1cWNHYz0uanBn.jpg)
Ауру кезінде автономдық жүйке жүйесінің қызметі бұзылып, ми табанындағы қан тамырлары кеңейіп кетеді. Бас сақинасы тұқым қуалайды, сондай-ақ, жасөспірімдердің жыныстық жағынан жетілу кезінде байқалады. Аурудың жиі қайталануы — адамның жас ерекшелігіне, тіршілік ету ортасына, жұмысына, демалысына, тамақтануына байланысты. Бас сақинасымен ауырар алдында науқастың ыстығы көтеріліп, тамаққа тәбеті болмай, көңіл-күйі өзгеріп, ұйқысы келе береді. Ауру қозған кезде қол-аяғы мұздап, ішкен тамағын құсады. Аурудың ұзақтығы 2—3 сағаттан бірнеше күнге созылуы мүмкін. Бас сақинасының негізгі белгілерін және емдеу шараларын бас ауруымен байланыстыра қарау қажет.
Дереккөздер
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер