Бас шабу — тірі жанның басын денесінен бөлу. Басты шабу қасақана іске асуы мүмкін: ауыл шаруашылығында құсты сою үшін, эксперименттік жануарлардың декапитациясы кезінде, немесе өлім жазасын орындау кезінде. Арнайы құрылғы — гильотинаны қолдану арқылы немесе балта, қылыш немесе қанжар секілді шабушы-кесуші құралдарды қолдану арқылы іске асады. Кездейсоқ бастың шабылуы жарылыс кезінде, немесе басқа да қайғылы оқиғалардың кезінде орын алуы мүмкін. Бас шабу арқылы өзін-өзі өлтіру аз болса да, кейде кездеседі: 2003 жылы Ұлыбритания тұрғыны өзі құрастырған гильотина арқылы өз-өзіне қол жұмсаған.
Басты шабу, егер оны өзінің немесе басқаның денесіне қан тамырларын тігу арқылы жалғамаса, күрт дамыған ишемия салдарынан бас миының тез арада өлуіне алып келеді.
Дереккөздер
- Забой птицы 21 желтоқсанның 2009 жылы. (орыс.)
- Приказ Минздрава КСРО ОТ 12.08.1977 N 755 О мерах по дальнейшему совершенствованию организационных форм работы с использованием экспериментальных животных(қолжетпейтін сілтеме) (орыс.)
- BBC NEWS | UK | England | Tyne/Wear | Guillotine death was suicide (орыс.)
- At the Cutting Edge of the Impossible (ағыл.)