Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжанов (26 қараша, 1960, Жамбыл облысы Меркі ауданы, Меркі ауылы) — Қазақстан Республикасының мемлекеттік және саяси қайраткері, Маңғыстау облысының әкімі (2011)., Ішкі істер министрі, заң ғылымдарының докторы.
Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжанов | ||||
![]() | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
22 желтоқсан 2011 — қаңтар 2013 | ||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |||
Премьер-Министр | Кәрім Мәсімов | |||
Ізашары | Қырымбек Елеуұлы Көшербаев | |||
Ізбасары | Алик Серікұлы Айдарбаев | |||
| ||||
14 қазан 2005 — 2 сәуір 2009 | ||||
Премьер-Министр | Кәрім Мәсімов Даниал Ахметов | |||
Ізашары | ||||
Ізбасары | Серік Баймағанбетов | |||
| ||||
қазан 1997 — қыркүйек 2000 | ||||
Премьер-Министр | Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Балғымбаев | |||
Ізашары | ||||
Ізбасары | Игорь Рогов | |||
Өмірбаяны | ||||
Партиясы | «Нұр Отан» | |||
Білімі | ҚазҰУ | |||
Мамандығы | Заңгер | |||
Діні | Ислам | |||
Дүниеге келуі | 26 қараша 1960 (63 жас) Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылы | |||
Жұбайы | Мұхамеджанова Зарема Хайдарқызы | |||
Балалары | Мәдина (1980 жылы туған), Әдина (1997 жылы туған). | |||
Әскер түрі | запастағы капитан | |||
өңдеу ![]() |
Өмірбаяны
Қожа руынан шыққан.
- С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1983), заңгер.
- Заң ғылымдарының докторы (2008). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы басқару формалары: конституциялық үлгі және мемлекеттік басқару тәжірибесі».
- 1983 жылдан — С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасында сынақ мерзімінен өтуші-зерттеуші, кафедра ассистенті.
- 1990 жылдың шілде айынан — ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Заңнама және құқықтық тәртіп мәселелері бөлімінің аға кеңесшісі, заңдардың орындалуы жөніндегі секторының меңгерушісі.
- 1991 жылдың қыркүйек айынан — ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Заңнама, құқықтық сараптама және талдау мәселелері жөніндегі бөлім меңгерушісінің орынбасары.
- 1992 жылдың қаңтар айынан — Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі төрағасы хатшылығының меңгерушісі.
- 1993 жылдың қаңтар айынан — Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Заңнама, құқықтық сараптама және талдау бөлімінің меңгерушісі.
- 1994 жылдың ақпан айынан — Қазақстан Республикасының Президенті және Министрлер кабинеті Аппаратының Заңнама бөлімінің меңгерушісі
- 1994 жылдың маусым айынан — Қазақстан Республикасының Президенті Аппаратының Заңнамалық бастамаларжәне құқықтық сараптама бөлімінің меңгерушісі.
- 1995 жылдың қараша айынан — Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Заңнама және құқықтық сараптама мәселелері жөніндегі бөлімінің меңгерушісі.
- 1996 жылдың желтоқсан айынан — Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Заңнама және сот жүйесі мәселелері бөлімінің меңгерушісі.
- 1997 жылдың қазан айынан — Қазақстан Республикасының әділет министрі
- 2000 жылдың қыркүйек айынан — Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары.
- 2002 жылдан — Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары.
- 2003 жылдан — Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары.
- 2005 жылдан — Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі
- 2009 жылдың сәуір айынан бері — Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.
- 22 желтоқсан 2011-20 қаңтар 2013 - Маңғыстау облысының әкімі.
- 26 наурыз 2013 жылы - Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі.
- 21 мамыр 2013 жылдан - Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы.
Марапаттары
- «Парасат» (1999)
- «Барыс» (2004) ордендерімен;
- медальдармен;
- ҚР Құрмет грамотасымен (1993) марапатталған.
Әскери атағы — запастағы капитан.
Отбасылық жағдайы
- Үйленген. Жұбайы - Мұхамеджанова Зарема Хайдарқызы.
- Қыздары - Мәдина (1980 жылы туған), Әдина (1997 жылы туған).
- Немерелері - Әлижан (2000 жылы туған), Әміржан (2004 жылы туған).
Дереккөздер
- Акимом Мангистауской области назначен Бауржан Мухамеджанов
- Мухамеджанов назначен Послом Казахстана в Литве 11 тамыздың 2014 жылы.
- Мухамеджанов назначен Послом Казахстана в Латвии 10 тамыздың 2014 жылы.
- Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер