Баклажан — алқалар тұқымдасына жататын көп жылдық (қолдан өсіргенде — бір жылдық) өсімдік. Жабайы түрі Оңтүстік-Шығыс Азияда (Үндістан, Бирма, т.б.) кездеседі. Қазақстанның оңтүстік облыстарында өсіріледі. Сабағының биіктігі 30 — 70 см, ірі, күлгін түсті жапырағы кезектесіп орналасқан, гүлдері шоғырланып тұрады. Баклажанның тамыры шашақты, жемісі жұмыр, алмұрт не қияр тәріздес, қоңыр не қара күлгін түсті, салмағы 0,4 — 1 кг. Тұқымы ұсақ (үз. 2 — 4 мм), жалпақ, сарғыш келеді. Баклажан жылу және ылғал сүйгіш өсімдік. Оның өсіп-жетілуі үшін ең қолайлы температура 20 — 30°С, топырақ ылғалдылығы 80%. Баклажан маусым — шілде айларында гүлдейді, шілде — тамыз айларында жеміс береді. Жемісінің құрамында: 7,1 — 11% құрғақ заттар, 2,72 — 4% қант, 0,6—1,4% ақуыз, 0,1 — 0,4% май, сондай-ақ, кальций, фосфор, темір жөне т.б. тұздар бар. Баклажанның өнімділігі жоғары, 1 га-дан 15 — 30 т өнім алуға болады. Ең көп тараған сорттары: "Деликатес-163", "Донской-14", "Симферопольский-105", "Консервный-10", т.б. Баклажан негізінен көшет арқылы өсіріледі. Көшеттер егістікке қашықтығы 35 — 40 см, қатар аралығы 70 см болатындай етіп отырғызылады. Топырақты қопсыту, арам шөп отау, суару, үстеп қоректендіру, өсімдік кеселдері мен зиянкестерін құрту жұмыстары жүргізіледі. Баклажанның зиянкестері: дала қандаласы, бұзаубас, т.б., аурулары: шірік, фитофтора т.б. Б. Еуропа елдерінде ертеден дәрілік мақсатта пайдаланылып келген, тек 18 ғасырдандан бастап тағамға пайдаланылды. Медицинада емдеуге, қандағы холестеринді азайту үшін колданылады.
Баклажан | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||||||||
|
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , II том;
- Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер