Берденсор – Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Бегімбет ауылының батысында 15 км жердегі көл. Теңіз деңгейінен 132 м биіктікте жатыр.
Берденсор | |
Морфометрия | |
---|---|
Теңiз деңгейiнен биіктігі | 132 м |
Өлшемі | 6,8 × 3 км |
Ауданы | 13,61 км² |
Су алабы | |
Құятын өзен | Жыландысай |
Орналасуы | |
47°06′56″ с. е. 58°48′32″ ш. б. / 47.11556° с. е. 58.80889° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 47°06′56″ с. е. 58°48′32″ ш. б. / 47.11556° с. е. 58.80889° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | |
Аймақ | Ақтөбе облысы |
Аудан | Шалқар ауданы |
Гидрографикасы, сипаты
Аумағы 13,61 км2, ұзындығы 6,8 км, енді жері 3 км. Көлдің солтүстік-шығыс жағалауына түйісетін сортаң жерін көктемде су басады. Суы қарашаның аяғында қатып, сәуірдің 1-онкүндігінде ериді. Шағырай үстіртінен бастау алатын Жыландысай өзені батыс бөлігінен құяды. Жаз айларында өзен және көл суы тартылып қалады. Негізінен қар суымен толығады. Суы тұзды және кермек.
Дереккөздер
- АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер