Джованни Лоренцо Бернини (итал. Giovanni Lorenzo Bernini; 7 желтоқсан 1598, Италия, Неаполь — 12 қараша 1680, Рим) — итальян сәулетшісі, мүсінші. Барокконың аса көрнекті өкілі. Рим қаласын көркейтуге көп еңбек сіңірді, ғибадатханалар мен сарайларды қайта салуға қатысты, мүсін-ескерткіштермен безендірді. Кең тыныстылық пен салтанаттылық, бай нақыш, ғимараттарға көрік берер жарық әсерін ұтымды әрі еркін пайдалану, бірнеше өнер түрінің біртұтас синтезін жасау Бернинидің сәулетшілік шығармашылығына тән қасиет. Римдегі ансамблі (1657 — 63) мен (1653 — 58) осының дәлелі. Бернини сәулет және мүсін өнерлерін түрліше әдістерді (бояу, алтын жалату, жарық қасиетін пайдалану) қолданып, ұтымды үйлестірді. Ол серпімді қимылды, ішкі сезім сырларын нәзік бейнелеу арқылы мүсін өнерін кемелдендіре түсті (“Давид”, 1623; “Аполлон мен Дафна”, 1622 — 25, Рим). Бернинидің асқан шеберлігі мен бай қиялы су ататын хауыздар жасаудан көрінді (Барберини алаңындағы “Тритон хауызы”, 1623 — 37; Навон алаңындағы “Төрт өзен хауызы”, 1648 — 51, т.б.). Бернини шығармалары 17 — 18 ғасырлардағы еуропалық өнерге үлкен ықпал етті.
Джованни Лоренцо Бернини | |
![]() Бернинидің автопортреті | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | Неаполь, Неаполь патшалығы |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Жанры | |
Өнер ағымы | |
Джованни Лоренцо Бернини Ортаққорда |
Галерея
- "Әулие Тереза экстазы"
- "Прозерпинаны зорлауы" (1621–1622)
- Әулие Пётр коллонадасы
- "Пьяцца сан Пьетро" — Бернинидің ең әйгілі шығармасы"
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, , II том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер