Биосфералық қорықтар – дүние жүзіндегі кейбір ауқымды аймақтардың табиғатын қорғау және оның байлықтарын сақтап қалу мақсатында табиғат қорғау шараларын жүзеге асырудың халықаралық деңгейдегі бағдарламасы. Оны деп те атайды. Биосфералық қорықтардың үлгі нұсқасы ЮНЕСКО-ның шешімімен «Адам және биосфера» атты ғылыми бағдарламаның шеңберінде 1973 ж. қабылданған.
Биосфералық қорықтардың мақсаты – бастапқы табиғи қалпы өзгермеген не аз өзгеріске ұшыраған аймақтардағы экожүйелерді, ондағы тірі организмдердің генетикалық қорының әр түрлілігін сақтап қалу; табиғатта үздіксіз болып жататын өзгерістерді үнемі әрі жан-жақты бақылау және оған талдау жасау. Биосфералық қорықтарда ғылыми-зерттеу жұмыстары экожүйелер бойынша аймақтық және бүкіләлемдік деңгейде арнайы әдістемелер бойынша жүргізіледі. Биосфералық қорықтардың алып жатқан аумағы бірнеше жекеленген аймақтарға бөлініп, онда әрбір аймақтың өзіне тән ғылыми-зерттеу жұмыстары белгіленеді. Биосфералық қорықтардың орталық аймағында (ядросында) табиғат қатаң қорғалады да, шаруашылық жұмыстары мүлде жүргізілмейді. Оған іргелес аймақта шаруашылық жұмыстарына шектеу қойылады, ал ең сыртқы аймақта шаруашылық жұмыстары табиғат қорғау шараларымен бірге жүргізіледі.
Қазіргі кезде дүние жүзінің 105 мемлекетінде 529 биосфералық қорықтар ұйымдастырылған (2007). Оның ең үлкені – көлемі 70 млн. га алқапты алып жатқан Даниядағы Солтүстік-Шығыс Гренландия биосфералық қорығы. Қазақстанда Қорғалжын қорығын Биосфералық қорықтарқа айналдыру жоспары қарастырылуда (1999).
Сілтемелер
1. "Биосфералық қорықтар" бейнефильмі (35 мин.)(қолжетпейтін сілтеме)
Дереккөздер
- “Қазақ Энциклопедиясы”
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер