Биоэлектрлік химия — тірі организмдегі электрлі химиялық құбылыстарды зерттейтін ғылым саласы. Зерттеу объектісі — тірі организмдердің клеткалары мен тіндерінде жүретін биология процестер негізінде пайда болатын биоэлектрлік потенциал.
Биоэлектрлік химия Италия ғалымы тәжірибелерінің негізінде қаланған (1791 жылы). Ол қандай болмасын тірі организмдердің клеткаларында, тіндерінде электрлік күштің бар екенін алғаш дәлелдеді. Жүйке жүйесімен импульс жүрген кезде, фотосинтезде, энергия қабылдағанда және түрленгенде иондар мен электрондар алмасады, осының себебінен клетканың ішкі бөлігі мен қоршаған ортада мембраналық потенциал пайда болады. Осы потенциал ақпарат алмасуын, тотығу-тотықсыздану процестерін, т.б. реттейді. Электрохимия әдістер (полярография, , т.б.) осы процестерде алмасатын электрондар санын анықтауға, биохимия реакцияның кинетикасын, биоактивтік қосылыстардың адсорбтануын, сыртқы электр өрісінің клеткаларға әсерін, тіндердің өсуін және қалпына келуін зерттеуге мүмкіндік береді. Организмдегі биоэлектрлік потенциалды зерттеу арқылы организмдерде жүретін физикалық-биохимиялық және физиологиялық процестерді білуге мүмкіндік туады. Биоэлектрлік химия әдістері медициналық клиникаларда әр түрлі ауруларды анықтауға пайдаланады (электрокардиография, (электромиография), т.б.).
Дереккөздер
- “Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер