Бозащы мұнай-газ кен орны — Маңғыстау облысы Ақтау қаласынан солтүстікке қарай 175 км жерде, Каспийдің солтүстік-шығыс жағалауындағы Бозащы түбегінде орналасқан.
Бозащы мұнай-газ кен орны | |
45°09′55″ с. е. 51°39′18″ ш. б. / 45.16528° с. е. 51.65500° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 45°09′55″ с. е. 51°39′18″ ш. б. / 45.16528° с. е. 51.65500° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | |
Аймақ | Маңғыстау облысы |
Орналасуы | Бозащы түбегі |
Ашылған уақыты | 1975 жыл |
Теңгерімдік қорлары | 50-80 млн. тонн |
Жылдық өнімі | 1,8 млн. тонн |
Жер қойнауын пайдаланушы | |
Тарихы
Кен орны сейсмикалық барлау нәтижесінде 1975 жылы анықталған. Бұрғылау жұмыстары 1975-1978 жылдары жүргізілген.
Иеленушілері
Buzachi Operating Ltd. (50%
/50%
(50%
Лукойл Оверсиз/50%
))
Геологиялық құрылымы
Кен орны антиклинальдық құрылыммен байланысты. Юра мен бор шөгінді жыныстарынан тұратын құрылымның орталық бөлігі тектоникалық жарылымдармен 10 блокқа бөлшектелген.
Жатыс сипаты
Қалыңдығы 4,2-20 м кенге бай мұнай-газ шоғырлары юра қабаттарында кездеседі. Коллекторлар құмтас және алевритті жыныстардан құралған, олардың орташа кеуектілігі 26-28%. Мұнайдың бастапқы тәуліктік өнімділігі 3,4-48 м3 болды (газ 25-54 мың м3).
Құрамы
Мұнайы ауыр, тығыздығы 0,938 – 0,940 г/см3, күкірті 2%, парафині 1,5%, шайыры 15%. Мұнайдың құрамында ванадий мен никель бар. Газы «құрғақ», құрамында 95,5% метан, 4,5% басқа көмірсутектер бар. Кен орны өндірістік игеруге дайындалған.
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер