Брахми жазуы — үнді буын жазуының ең көне түрінің бірі. Солдан оңға қарай жазылады (екіншісі — , оңнан солға қарай). Брахми жазуымен жазылған ең көне жәдігерлер — Ашока патшаның (б.з.б. 272 — 232) Буддаға қатысты жарлықтары. Бұлар, көбінесе, жартастар мен бағаналарға ойып жазылған. Брахми жазуы әліпбиінде буындық таңба саны — 31, дауысты дыбыстар таңбасын — 4 және белгілі бір дыбыстың мұрыннан айтылатынын көрсететін ерекше таңба (анусвара) тағы бар. Брахми жазуының қайдан шыққаны белгісіз. ғалымдары мұны б.з.б. 3 — 2 мыңжылдықтардан сақталған табылған ежелгі үнді жазбасымен байланыстыра қарап, ұлттық мұра деп есептейді. Неміс ғалымдары финикия жазуынан шыққан дейді. Үндістан, Цейлон мен Орталық Азияның кейбір аймақтарында кейінгі замандарда жазылған жазулардың баршасы Брахми жазуынан өрбіген. Лингвистикалық деректер Брахми жазуының түрлері.
Брахми жазылуының негізінде индиялық жазудың үш бұтағы қаланды:
- Солтүстік
- Гупта
- Тибет
- Нагари
- шарада
- невари
- бенгал
- Ория
- гуджарат
- гурмукхи
- Оңтүстік
- грантха
- Оңтүстік-Шығыс
- сингал
- бирман
- кхмер
- лаос
- тай
Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. , II том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер