Білезік —
- тағылатын әшекейлі, сәндік бұйым. Білезік сөзінің түп-төркіні білек және жүзік (білекжүзік — білежүзік — білеүзік — білезік) сөзінен туындаса керек. Білезік қымбат металдардан жасалады. Білезіктің көлемі, пішіні, әшекейі әр алуан болады. Оған асыл тастардан көз орнатылады, алтын не күміс жалатып, лажылап, эмаль бағдарлап та соғады. Арзан білезіктерді мысалы, қола, жез, мельхиор, т.б. металдардан жасайды. Оның құйма білезік, қос білезік, қуыс білезік, бес білезік, топсалы білезік, бұрама білезік, жалпақ білезік, сом білезік, жұмыр білезік, өбістірме білезік, т.б. түрлері көп;
- зарығып күткен (“тәңірден тілеп алған”) баланың екі аяғына салынатын күміс балдақ, шығыршық;
- сал-серілердің аттарының аяқтарына салынатын әшекейлі шығыршық;
- құстардың аяғына салынатын сақина;
- тұтқынның аяқ-қолына салынатын шынжырлы бұғау;
- ағаштан жасалған бұйымдарды құрсаулап бекітетін шеген, шығыршық;
- шаңырақтың құралған жерлерін құрсаулап қоятын металл шығыршық.
Дереккөздер
- Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. -
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, , II том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер