Білік — адамның белгілі бір не күрделі мәселе жөнінде ой жүгіртіп, өзінше пайымдай білу қасиеті.
Білік — машина мен механизмдердің жеткізуге және онымен бірге айналатын бөлшектердің айналысын сүйемелдеуге арналған машинаның бөлшегі
Білік - өзі айналып тұратын (әдетте ішпекке кигізіліп), сөйтіп айналдырушы иінді күшті тасымалдайтын машина бөлшегі.
Білік- подшипникке кигізіліп өзі айналып тұратын, сөйтіп айналдырушы иінді күшті тасымалдайтын машина бөлшегі.
Тәуелді қуат алу білігі
Тәуелді қуат алу білігі - күштік берілістің тіркесін ажыратқан кезде ағытылатын және беріліс қорабының жетекші білігімен тікелей немесе қуат алу қорабы арқылы қосылатын қуат алу білігі.
Тәуелсіз қуат алу білігі
Тәуелсіз қуат алу білігі -күштік берілістің тіркесін ажыратқан кезде сөндірілмейтін және қозғауыштың білігімен тікелей немесе қуат алу қорабы арқылы қосылатын куат алу білігі.
Толық тіреуішті емес иінді білік
Толық тіреуішті емес иінді білік- кейбір және көршілес түпкі мойындары арасында екі шатунды мойындар орналастырылған иінді білік.
Қуат алу білігі
Қуат алу білігі – қозғауыштың айналдырушы иінді күшінің бір бөлігін қосалқы құрал-жабдықтың немесе агрегатталатын машиналардың жетектеріне таратып беретін білік.
Толық тіреуішті иінді білік
Толық тіреуішті иінді білік- кез келген екі көршілес түпкі мойындары арасында тек қана бір шатунды мойын орналастырылған иінді білік.
Аралық, арадағы білік
Аралық, арадағы білік- беріліс қорабының жетекші білігінен, жетектегі білігінен айналдырушы иінді күшті беретін білігі.
Өтпелі білік
Өтпелі білік - тікелей агрегат арқылы өтіп (мысалы, орталық белдіктің негізгі (бас) берілісі арқылы), айналдырушы иінді күштің бір білігін басқа агрегатқа таратып беретін (мысалы: артқы белдіктің негізгі (бас) берілісіне) білік.
Босаңдататын жұдырықшаның білігі
Босаңдататын жұдырықшаның білігі – айналдырушы иінді күшті пневматиқалық қамерадан босаңдататын жұдырықшаға тартып беретін тежеуіш механизмнің білігі.
Үлестіруші білік
Үлестіруші білік – айналып тұрған кезде жұдырықшалар арқылы операциялардың берілген тәртіппен орындалуын қамтамасыз ететін үлестіргіш механизмнің білігі (мысалы, қозғауыштың шығарушы және кіруші қақпақшаларының ашылуы).
Рульдік дөңгелектің білігі
Рульдік дөңгелектің білігі- рульдік доңғалақты рульдік механизмнің жетекші білігімен қосатын білік.
Үйлесімді қуат алу білігі
Үйлесімді қуат алу білігі - беріліс қорабының жетектегі білігімен тікелей немесе куат алу қорабы арқылы қосылған қаб.
Иіннің білігі
Иіннің білігі - сыртқы ұшында иін бекітілген рульдік механизмнің жетектегі білігі.
Спидометрдің білігі
Спидометрдің білігі- айналуды бөліп таратқыш қораптың немесе беріліс қорабының жетектегі білігінен спидометрге таратып беретін, корғаныш сырт қабақшадағы иілгіш білік.
Жартылай тәуелсіз қуат алу білігі
Жартылай тәуелсіз қуат алу білігі - көліктік құрал токтап тұрған кезде ғана ағытылатын және қосылатын тәуелсіз қуат алу білігі.
Эксцентрикті білік
Эксцентрикті білік - түрі эксцентрик сиякты жұдырықшапары бар білік.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, , II том
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2007 жыл.-29 1 б.
- Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер