Бірлік (2007 жылға дейін – Утера) — Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы ауыл, Бірлік ауылдық округі орталығы.
Ауыл | |
Бірлік | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы | Ауылдық округ орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округ | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | 46°29′29″ с. е. 48°59′49″ ш. б. / 46.49139° с. е. 48.99694° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 46°29′29″ с. е. 48°59′49″ ш. б. / 46.49139° с. е. 48.99694° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты | 1957 |
Бұрынғы атаулары | Утеры, Утера (Үтері) |
Тұрғындары | |
Тұрғыны | ▲1699 адам (2021) |
Бірлік шекарасы |
Географиялық орны
Аудан орталығы — Құрманғазы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 28 км, Каспий теңізінің солтүстік-батыс жағасында, теңіз арқылы салынған Игольный каналы бойында орналасқан.
Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1640 адам (810 ер адам және 830 әйел адам) болса, 2009 жылы 1697 адамды (847 ер адам және 850 әйел адам) құрады.
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1699 адамды (888 ер адам және 811 әйел адам) құрады.
Шаруа қожалықтары және кәсіпкерлік
Іргесі 1957 жылы балық аулайтын ұсақ кәсіпшілікті біріктіру негізінде “Қызылтаң” балық аулайтын ұжымшардың орталығы есебінде қаланған. Кеме жөндеу шеберханасы, балық тоңазытқыш, т.б. мекемелер бар. „Каспий - балық“ өндірістік кооперативі, „Балық өнімдері“ тұтынушылар кооперативі т.б.жұмыс жасайды.
Әлеуметтік және мәдени нысандары
- С.Имашев атындағы орта мектеп — 1918 жылы орыс бастауыш мектебі болып ашылды. 1934 жылы аралас бастауыш мектеп, 1938 жылы орталау болып, ол К.Маркс атындағы, ал 60 жылдардың басынан Утера 8 жылдық мектебі деп аталған. 1984 жылы С.Н.Имашев атағы берілді. 1989 жылы жаңа жобадағы 3-қатарлы мектеп үйі салынып пайдалануға берілді.
- «Жұлдыз-ай» бөбекжай-балабақшасы
- Бірлік ауылдық клубы
Атақты тұлғалары
Қасым Асанов (1931—2006) — ғалым, Социалистік Еңбек Ері, ауыл шаруашылық ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ғылым академиясының академигі.
Ауыл суреттері
Елді мекендегі көшелер
- Әмірғали Мұқашев көшесі
- Балықшы көшесі
- Болашақ көшесі
- Бірінші мамыр көшесі
- Василий Григорьев көшесі
- Қаби Оқаев көшесі
- Қиғаш көшесі
- Мұхамбетшәріп Бекбаев көшесі
- Сатыбалды Расбеков көшесі
- Тәуелсіздік көшесі
- Философ Котельников көшесі
- Ынтымақ көшесі
Дереккөздер
- Құрманғазы ауданы Бірлік селолық округінің Утера селосын қайта атау туралы
- Қазақ Энциклопедиясы, 9 том
- 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 8 желтоқсанның 2019 жылы.
- 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
- Құрманғазы ауданы. Шежіре. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2008. - 312 бет + 16 бет түрлі-түсті суретті жапсырма.
- https://imashev.kurmangazy-bb.kz/kz/mektep-turaly/tarikhy/100-80-zhyldar.html 24 қыркүйектің 2021 жылы. 80-жылдар
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер