Бір - халықтық өлшем бірлігіндегі шамалап, долбарлап алынатын өлшем. Ол көпке мәлім қарапайым түсініктерге негізделген орташа шамада алынады. Мұндай шамаларды білдіретін ұғым атаулары сандық және белгісіздік мәні бар бір сөзіне өлшем негізі етіп алынған адам мүшесінің атауының қоса айтылуымен жасалады. Мысалы, бір құлаш, біруыс, бір шөкім, бір шымшым т.б.
Бір асым - көбінесе етке байланысты қолданылатын өлшем - қосымшаларымен асылатын жамбас, асықты жілік сияқты мүшелер. Жілікке қосымша сүбе және қара қабырғалар міндетті түрде салынатын болса, ретіне қарай омыртқа, белдеме, қар және тоқбан жілік, жауырындар қосылады. Яғни Бір асым ет бір (ет) деген өлшеммен де белгіленеді.
Бір қайнатым - бір қайнатуға жарарлық сұйық заттың мөлшерін білдіретін өлшем. Шамамен 2-3 литр мөлшерінде.
Бір құлаш - жазып тұрғандағы екі қол арасының ұзындығындай өлшем. Құпашпен ертеде арқан-жіптердің ұзындығын, шықырау құдықтардың терендігін т.б. ұзындық, биіктік, тереңдік мөлшерін белгілеген.
Бір уыс - қолдың саусақтарын біріктіріп тұрғанда алақан ішіне сыярлықтай мөлшерді білдіретін халықтық жоғарылау мөлшердің аталмайтын себебі көшпелі ортада шайдың көп таптыра бермейтін және қымбаттылығына байланысты болса керек.
Бір шымшым - бас бармақ және сұқ саусақпен шымшып алған ұнтақтың мөлшеріне қатысты пайдаланылатын өлшемнің атауы. Көбінесе қазақы ортада ерекше қастерленген тұзга байланысты қолданылады.
Дереккөздер
- Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. -
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер