Бұйдаш хан — (Бұйлаш хан, Бойлаш хан, Бойдаш хан, Бублаш хан, Бутлаш хан, туған жылы белгісіз - 1559/1560) — қазақ хандарының бірі (1533 — 1538). Жәнібек ханның немересі, Әдік сұлтанның ұлы, Тахир ханның інісі. Деректерге қарағанда, 16 ғасырдың 30-жылдарында қазақта бірнеше хан болған: Батыс бөлікте Ахмет хан (Ахмад) хан, орталықта — Тоғым хан және Жетісу аймағында Тахир хан. Ол қайтыс болған соң (1533), Жетісу өңірінде (деректе Моғолстанда деп жазылған) Бұйдаш хан билікке келеді. Оның 20 — 30 мың адамдай әскері болған.
Бұйдаш хан | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
1533 — 1538 | |||
Ізашары | Бауыш хан | ||
Ізбасары | Хақназар хан | ||
Өмірбаяны | |||
Діні | ислам | ||
Қайтыс болуы | 1559/1560 Мәуереннаһр | ||
Әкесі | Әдік сұлтан | ||
Анасы | Султан Нигар Ханым | ||
Жұбайы | Махим Ханым | ||
Балалары | Бабақ сұлтан | ||
өңдеу |
Бұйдаш ханның билігі қырғыздардың бір бөлігіне де тараған. Тарих-и Рашидиде Бұйдаш хан 1533/34 жылдан кейін қайтыс болды делінсе, Қадырғали Жалайыр Барақ ханның ұлы соғыста өлді деп жазады. Осы соғыста тараған 24 сұлтан қаза табады. Бұйдаш ханның ұрпақтарының тағдыры белгісіз. Бірақ орыс жылнамаларында соңғы ұрпағы Бабақ сұлтан қайтыс болғанын айтады.
Дереккөздер
- Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005
- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер