Бұқара — халықтың басым көпшілігі дегенді білдіретін ұғым.
Әлеуметтік тұтастықтан дараланып шыққан азшылық пен біркелкі қалың топтың өзгермелі бірлігін құрастырады. кез келген өркениетте шығармашыл азшылық, ішкі және сыртқы пролетариат бар дейді. Бұқара ұғымы көптеген жағдайда элита, басқарушы топ, ақсүйек, жетекші тәрізді әлеум. сипаттамаларға қарсы мағынада қолданылады. Бұқара ұғымы көп мағыналы. 20 ғасыр ойшылдары Хосе Ортега-и-Гассет, , және т.б. Бұқараның қоғамдағы қызметін әсірелендіріп оны қиратушы, дүлей күшке айналдырып жіберуі мүмкін дейді. Абай айтқандай, “” шарасыздыққа ұшырайды. Алайда, Бұқара тобыр емес, ол “орта” адамдардың шоғырлануы. Қазіргі мәдениеттануда “” деген түсінік қалыптасқан, оның басты өмірлік принципі — озып шықпау, өзіне ерекше талаптарды қоймай, көпшілік үлгісін қайталау, барлығымен бірдей болу, әсіресе, бейімділік, қоршаған ортаны сол күйінде қабылдау. “Бұқаралық адамның” теріс көріністеріне , , , , (енжарлық), т.б. жатады. Бұқараны 20 ғасыр әмбебапты құбылысқа айналдырып жіберді: мен Бұқаралық мәдениет халықты түгел қамтуға ұмтылды, өмір сүру үлгілері бір қалыпқа түсірілді, тұтынушы адам ақпарат пен жарнама билігінде қалды, “қуыршақ тұлғалар” басқарушылар үшін ыңғайлы болып шықты. Бұқаралық адамның қоғамдағы салмағының артуы “Бұқара көтерілісі” (Ортега-и-Гассет) дегенге әкелді. Демократия (халық билігі) тоталитаризм (жаппай бақылау) мен охлократия (тобыр билігі) емес. Бұқара туралы айтқанда, оны жай ғана халықтың басқарушы тобынан өзгеше бөлігі деп қарастырған да сыңаржақтылыққа жатады. Өйткені билеушілердің өзі Бұқаралық адамдардан тұруы немесе өз мақсаттарын Бұқаралық қоғам принциптеріне негіздеуі мүмкін. Шынайы элитарлыққа шығармашылық, жасампаздық және гуманизм тән.
Дереккөздер
- “Қазақ Энциклопедиясы”, ІІ-том
- Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер