Бәрпі (Aconitum excelsum; синонимдері A. lycoctonum және A. septentrionale) — бұл ормандардың, шіліктердің арасында, тау сағасында өсетін өте улы шөп өсімдігі, мал (әсіресе қой мен ешкі) жесе бірнеше сағаттан сон уланып өледі. Тұқымында 31—32 процент майы болады. Бәрпі (Aconіtum) – сарғалдақтар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер. Солтүстік жарты шарда өсетін 300-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда Қарқаралыда, Алтайда, Тарбағатайда, Жетісу (Жоңғар), Іле, Күнгей, Теріскей Алатауларында орман алаңдары мен биік тау шалғындарында, өзен-сай жағалауларында кездесетін 14 түрі бар. Жиі тараған түрі – ақезу Бәрпісі (A. leucostomum). Оның биіктігі 0,7 – 2 м, жіпшеленген тамыры шоғырланып келеді. Түкті сабағы қырлы, қатпарлы болады. Ірі жапырақтарының ұзындығы 10 – 20 см, ені 20 – 40 см, қауырсын тәрізді тілімденген. Көк, күлгін, кейде сарғылт түсті гүлдері бұталанған гүлшоғырына топталады. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, қыркүйек – қазанда жеміс береді. Жемісі түкті, тұқымы 3 қырлы келеді. Бәрпі туысына жататын өсімдіктердің барлық түрі улы болады, мысалы, Жоңғар Бәрпісінің тамыр түйнегінен қасқыр аулайтын у алынады. Тамырында 0,8 – 1,9% алкалоид болғандықтан, дәрі алу үшін пайдаланылады. Бәрпіні мал жемейді негізінен сәндік өсімдіктер.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODJMelptTDBGamIyNXBkSFZ0WDNObGNIUmxiblJ5YVc5dVlXeGxMbXB3Wnk4eU1qQndlQzFCWTI5dWFYUjFiVjl6WlhCMFpXNTBjbWx2Ym1Gc1pTNXFjR2M9LmpwZw==.jpg)
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOWlMMkkzTDBGamIyNXBkSFZ0WDJ4NVkyOWpkRzl1ZFcxZmMzVmljM0F1WDNaMWJIQmhjbWxoWDAxSVRsUXVRazlVTGpJd01EUXVNQzQzT0RjdWFuQm5Mekl5TUhCNExVRmpiMjVwZEhWdFgyeDVZMjlqZEc5dWRXMWZjM1ZpYzNBdVgzWjFiSEJoY21saFgwMUlUbFF1UWs5VUxqSXdNRFF1TUM0M09EY3VhbkJuLmpwZw==.jpg)
Ақезу бәрпі ("Aconitum leucostomum Worosch") - көпжылдық шөптектес өсімдік, биіктігі 70-200 см. Түйнек тамыры қатар түзіліп өседі. Тамырының сырты қара көк түсті. Жапырақтары ірі, жүрек пішінді келеді. Сабағы тік, жоғарғы жағы бұтақты немесе дара өседі.
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
- Т. Мұсақұлов, орысша-қазақша түсіндірмелі биологиялық сөздік І-том қазақ мемлекет баспасы, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев
![]() | Бұл — биология бойынша мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |