Бөлтірік Атыханұлы 1870-1928 жылдары өмір сүрген. Ақыны, жыршы, күйші. Алматы облысы Райымбек ауданы Қарабұлақ ауылында тұрған.
Ұлы жүздің Албан тайпасы Қызылбөрік руынан шыққан.
Құланаян Құлмамбеттің шәкірті. Бала кезінде ауыл молдасынан дәріс алған. Жасынан ел аралап, өнер қуған. Жетісу өлкесіне шұрайлы өлеңдерімен ақын ретінде танылған. Атақты Жамбыл, Майкөт, ақындармен айтысының үзінділері ғана жеткен.
Күйлері "Терме күй", Жыр күй", "Ән күй" шығармалары сақталынған. Ақын жырларының сақталуына үлес қосқандар Байниет Малыбекұлы, Қайырбек Мәңкеұлы, Садықожа Моштайұлы, Бура молда, Саурықов Сыдық, Әбдірасылов Шәуен ауыздан-ауызға жатқа айтып, ұрпаққа жеткізді. Академиктер Рахманқұл Бердібаев, Кеңес Нұрпейісов, ғалымдар Сәрсенбі Дәуітов, ақын шығармашылығы туралы зерттеулер жазды.
Алматы қаласындағы №36 қазақ орта мектебіне ақын есімі берілді. "Бөлтірік-Қасенбай" атындағы қор жұмыс істейді. Қор төрайымы Бөлтірік атаның немере қызы Бақытгүл Қасенбайқызы Бөлтірікова.
Шығармалары
1916 жылғы жайлы “” атты дастаны “” журналында (1926, 1929 — 10), “16 жыл” (1936, 1940) кітаптарында басылды. Шығармаларының көбі хатқа түспеген. Кейбір айтыстары мен өлең-жырлары “” (1935), “Айтыс” (1 т., 1965), “Жамбыл” (1946) жинақтарында жарияланды. “” (1993), “” (1998) атты жеке жинақтары жарық көрді. Жинақталып 2001 жылы "Ұрпаққа өсиет" атты кітабы жарық көрді. Бөлтірік шығармаларының қолжазбалары сирек қоры мен Әдебиет және өнер институты Қолжазба орталығында сақтаулы.
Дереккөздер
- Алмабеков Т. Албан ата энциклопедиялық шежіре. // [1] — Алматы, 2003. — 1352 б. — ISBN 9965-00-838-8.
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том
- Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер