Вазопрессин (лат. vas, vasis - тамыр; pressa — қысу) - аралық ми гипоталамусының алдыңғы бөлімі көруүсті ядросының (супраоптикалық ядро) ірі мультиполярлы холинергиялық нейроциттері бөлетін, адам мен жануарлардың нонапептидтік . Оның қызметі парасимпатикалық жүйке жүйесінің қызметіне сәйкес келеді, яғни ол ағзадағы қан және лимфа тамырларының бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасы қабықтарының жиырылуына және олардың арналарының тарылуына әсер етеді.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOWpMMk0yTDBGeVoybHVhVzVsWDNaaGMyOXdjbVZ6YzJsdU0yUXVjRzVuTHpNd01IQjRMVUZ5WjJsdWFXNWxYM1poYzI5d2NtVnpjMmx1TTJRdWNHNW4ucG5n.png)
Вазопрессин — қан тамырларының қабырғасын қысу арқылы қанның қысымын арттырады, бүйрек нефрондарының төменгі өзекшелері (дистальды бөлімі) мен жинағыш түтікшелері қабырғалары эпителиоциттерінің өткізгіштігін күшейтіп, алғашқы несеп (зәр) құрамындағы судың бүйрек тамырларына қарай кері сорылуына ықпалын тигізіп, зәрдің бөліну мөлшерін азайтады да, ағзадағы судың алмасуын реттеуге қатысады.
Вазопрессин гормонының жетіспеушілігі — ағзаны қантсыз сусамыр (қантсыз диабет) ауруына (зәрдің қалыпты мөлшерден көп бөлінуіне әсер етеді) шалдықтырады.
Синтез және секреция
Гормонның көп бөлігі гипоталамустың супраоптикалық ядросының үлкен жасушалы нейрондарымен синтезделеді, олардың аксондары гипофиздің артқы жағына () өтіп, қан тамырларымен синаптикалық байланыс түзеді. Нейрон денелерінде синтезделген вазопрессин аксон соңына көшіріліп, пресинаптикалық везикулаларда жинақталып, нейрон қозғауы кезінде қанға өтеді.
Дереккөздер
- Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл.
- АДГ (Вазопрессин): жалпы мәліметтер
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер