Валахия (рум: Ţara Românească — румын жері; : Цѣра Рȣмѫнѣскъ) — Румынияның оңтүстігіндегі таулары мен Дунай өзенінің аралығында орналасқан тарихи аймақ. Ежелгі тарихы б.з.б. II ғ-дан бастап хатқа түскен.
106 ж. бұл өңірді Рим империясы жаулап алады.
Валахияға III ғ-дан бастап мен , IV – VI ғ-ларда ғұн және авар, VI ғ-да славян тайпалары келіп, қоныстана бастады.
Бұл тайпалар жергілікті тайпалармен араласып, мәдениетін қабылдады да, VIII — X ғ-ларда шығыс роман тілдерінің бірінде сөйлейтін влах (волох) халқы ретінде қалыптаса бастады. XI ғ-дан бастап Валахияға (бесене), қыпшақ, т.б. көшпелі тайпалар дүркін-дүркін шабуыл жасап тұрды. XIII ғ-дың орта тұсынан Алтын Орда хандарына бағынышты болды. 1324 ж. дербес мемлекет болып құрылды.
XV ғ-дан бастап Түрік сұлтандығына жартылай, XVI ғ-дан толық бағынышты болды. 1828 — 29 жылдардағы орыс-түрік соғысынан кейін уақытша Ресейге (1829 — 34) бағынды. 1848 ж. Батыс Еуропадағы революциялардың әсерімен ұлт-азаттық толқулар болып өтті.
1858 ж. өткен Париж конвенциясының шешіміне орай 1859 ж. 5 қаңтарда Валахия мен қосылып біртұтас мемлекетке айналды да, 1861 жылдан бастап Румыния деп атала бастады.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, , II том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер