Бұл мақаланы Уикипедия сәйкес болу үшін қайта жазу қажет. Өтінеміз, осы мақаланы жетілдіруге көмектесіңіз. ұсыныстар болуы мүмкін. |
Маяковский Владимир Владимирович (7/19.7.1893, Грузия, Багдади с. — 14.4. 1930, Мәскеу) — орыс ақыны. 1911 ж. , , бірге орыс футуристерінің әдеби тобын құрып, өздерін “кубуфутуристер” деп атады.
1912 ж. М. осы ақындармен бірге “Қоғамдық талғамға шапалақ” атты футуристер манифесін жариялады. әдеби жиындарына қатысқаны үшін ол Мәскеудің кескін және көркемсурет уч-щесінен шығарылды (1914). 1913 ж. ақынның “Владимир Маяковский” трагедия-сы қойылды. Трагедияны жоғары бағалады. Оның “Соғыс жарияланды” (1914), “Ана және немістер зая қылған кеш” (1914) өлеңдерінде соғыстың мағынасыз қантөгіс екені суреттеледі. Оның шығарм-дағы жаңа белес “Шалбарлы бұлт” (1915), “Соғыс және бейбітшілік” (1916), “Адам” (1917), т.б. поэмалары. Қазан төңкерісінен кейінгі шығармаларында өмір болмысын, шындықты суреттей отырып, ақын шығарм-ның негізгі әдісі — үлгісінде “Біздің марш” (1917), “Солға марш” (1918) өлеңдерін, “Сүйемін” (1922), “Бұл туралы” (1923), “Владимир Ильич Ленин” (1924) поэмаларын жазды. Кезең талабына үн қосып, партия, кеңес өкіметі шешімдеріне сай үгіт-насихатқа берілгенімен, жаңа жағымсыз болмыс құбылысын да аяусыз әшкереледі (“Кеңес төлқұжаты туралы өлең”, (1929). Ақын қоғамдағы кемшіліктерді көре білді, кеңестік тоғышарлықты, , билік пен басқаруды, тұтастай алғанда сынап әшкереледі. “Қандала” (1928), “Монша” (1929) пьесалары М-дің сол жүйеге қарсылығының, ой қақтығысының көрінісі. М. шетелдерде (АҚШ, Германия, Испания, Мексика, Франция, Куба, т.б.) болып, “Париж” (1924 — 25), “Америка туралы жырлар” (1925 — 26) атты шығармалар жариялады. М-дің 20-жылдардың соңына таман жазған шығармаларында трагедиялық сарын жиі көрініс тапты (“Қаржы инспекторымен поэзия туралы әңгіме”, 1926). Ол “Александр Блок өлді” мақаласында ақын өліміне қайғырды. М-дің шығарм. ізденісі, поэтик. жаңашылдығы орыс әдебиетіне, сондай-ақ қазақ ақын-жазушыларына да көп ықпал етті (С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, С.Мұқанов, , т.б.). Қазақ тілінде “Бар дауыспен” (1941), “Таңдамалы өлеңдер” (1950), т.б. шығармалары жарық көрді. С. Жұмағұлов
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOW1MMlkzTDAxaGFtRnJiM1p6YTJscUxtWmhZMlV1YW5Cbkx6SXlNSEI0TFUxaGFtRnJiM1p6YTJscUxtWmhZMlV1YW5Cbi5qcGc=.jpg)
Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , VI том
Сілтемелер
- Қазақ Энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер