Вольфрам кентастары – вольфрам алынатын табиғи шикізат. Негізгі минералдары: вольфрамит, шеелит, . Сондай-ақ вольфрам кентастарында молибден, қалайы, бериллий, мыс, висмут, кейде сурьма, сынап, алтын, күміс, мышьяк, күкірт, тантал, ниобий, скандий кездеседі. Қоспа компоненттердің басым көпшілігі байыту барысында коллективтік және селективтік концентраттарғатарға бөлінеді. Вольфрам кентастары түзілуіне байланысты эндогендік және экзогендік болып бөлінеді. Эндогенді кентастардың генетикалық типтері пегматиттік, скарндық, грейзендік және гидротермальдік болып үш кентастық формацияға бірігеді: қалайы-вольфрамды, молибден-вольфрамды және полиметалл-вольфрамды. Пегматиттерде вольфрамит пен шеелит сирек кездеседі, олар касситерит, берилл, сподумен және тантал-ниобаттар өндірілгенде бірге алынады. Скарнды-шеелит кентастары плита тәрізді қабаттар немесе линза және түтік тәрізді денелер түрінде кездеседі. Грейзенді-вольфрамды кентастар граниттік интрузивтердің шет жақтарымен тығыз байланыста түзіледі. Кен денелері бағана тәрізді және түрлі пішінді штокверктер түрінде кездеседі. Қазақстанда вольфрамның ірі кен орындары Сарыарқада, Таулы Алтайда, (Қалба, Нарын), Бұғытыда ашылған.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Дереккөздер
- Қазақ Энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер