Галенит, қорғасын жылтыры – сульфид класындағы минерал. Хим. формуласы PbS. Кубтық сингонияда кристалданып, тұтас масса, түйіршік агрегаттар түрінде кездеседі. Түсі қорғасындай сұр, металдай жылтыр; қатт. 2 – 3, менш. салм. 7,4 – 7,6 г/см3, морт сынғыш, электр тогын өткізеді, түрлі фотоэлектрлік әсер береді, диамагниттік, детекторлық қасиеттері бар. Гидротермальдық және кейбір шөгінді кен орындарында кездеседі. Г. – қорғасынның негізгі кентасы. Одан қорғасынмен қоса күміс, селен, висмут және мырыш өндіріледі. Г-тің концентратынан ақ сыр, бояу алынады. Қазақстанда Г. Кенді Алтай мен Сарыарқадағы қорғасын кен орындарында кездеседі.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODRMemd4TDBkaGJHVnVZVjh0WDBoMVlXeHNZVzVqWVNVeVExOUNiMnh2WjJWemFTVXlRMTlCYm1OaGMyZ2xNa05mVUdWeWRTNXFjR2N2TWpjMWNIZ3RSMkZzWlc1aFh5MWZTSFZoYkd4aGJtTmhKVEpEWDBKdmJHOW5aWE5wSlRKRFgwRnVZMkZ6YUNVeVExOVFaWEoxTG1wd1p3PT0uanBn.jpg)
Ерекшелігі
Галена өзіне тән "қорғасын сұр" түсімен және қарқынды "күміс" жылтырымен, сондай-ақ осы минералға тән тығыздығымен оңай анықталады.
Галена арсенопириттен түсі, тығыздығы жоғары, қаттылығы төмен, текше бойынша бөлінуімен ерекшеленеді.
Дереккөздер
- Қазақ Энциклопедиясы
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайышов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — геология бойынша мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер