Гастроцель (gastrocoelis; грек, gaster — қарын, асқазан; koelia — қуыс) — гаструла сатысындағы ұрықтың ішкі қуысы.
Гастроцель сыртқы ортамен алғашқы ауыз тесігі — бластопор арқылы қатысады. Бластопорды шектейтін ернеулер орналасу орындарына байланысты жоғарғы (дорсальдық), төменгі (вентральдық), оң және сол бүйірлік (латеральдық) болып ажыратылады.
Дорсальдық ернеу бластомерлерінен (жасушаларынан) — хорда, ал вентральдық және латеральдық ернеулердің жасушалары материалдарынан ортаңғы ұрық жапырақшасы — мезодерма қалыптасады.
Дереккөздер
- Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |