Генрик Сенкевич (пол. Henryk Sienkiewicz; 5 мамыр 1846, Воля-Окшейска, Подлясская губерниясы, Ресей империясы - 15 қараша 1916, Веве, Швейцария) — поляк жазушысы. Кедейленген шляхтаның семьясында туған. 1866-1870 жылдары Варшава университетінің дәрігерлік және тарих-филология факультетін оқыды. Сенкевич- поляк әдебиеті мен әдеби тілін дамытуда елеулі роль атқарған жазушы.
Генрик Сенкевич | |
пол. Henryk Sienkiewicz | |
![]() | |
Туған кездегі есімі | пол. Henryk Adam Aleksander Pius Sienkiewicz |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері | Воля-Окшейска, Подлясская губерниясы, Ресей империясы |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Мансабы | жазушы |
Шығармашылық жылдары | 1869—1914 |
Бағыты | тарихи роман, беллетристика |
Жанры | |
Шығармалардың тілі | |
Сыйлықтары | |
Қолтаңбасы |
|
Ортаққордағы санаты: Генрик Сенкевич |
Еңбектері
«Отпен және қылышпен» (1883-1886), «Пан Володеыевский» (1887-1888), тригологияларында 17 ғ-дағы поляк халқының өміріндегі ауыр кезеңді жарқын суреттеді. «Дәлелсіз қағида » романында( 1889-1890), поляк ақсүйектерінің моральдық азғындауын, «Полонецкийлердің семьясы» романында (1893-1894) алпауыт өсімқорлардың ұсақ, , пайдакүнем тіршлігін, « Крест жорығына қатысушылар» (1897-1900) романында поляктардың неміс басқыншыларына қарсы күресін бейнелейді. Аяқталмай қалған « Легиондар»(1913-1914) романында Наполеон соғысы дәуіріндегі оқиғаларды көрсетті. Сенкевичтің «Нан үшін» повесі қазақ тілінде( 1952) басылды.
Сыйлықтары
Ол- Нобель сыйлығының лауреаты. (1905).
Қолданылған әдебиет
Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 130 бет
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер