Геосинклиналь (гео... және syn — бірге, klіno — еңістену) — 1) Жер қыртысының бойындағы ұзындығы ондаған, жүздеген, мыңдаған км, көлденеңі біршама қысқа, терең ойыс. Геосинклиналь түбінде пайда болады; ойыстың екі жақ ернеуі арқылы терең жарылымдар өтеді, ортасын шөгінді және жанартаулық тау жыныстарының қалың қат-қабаттары толтырады. Ұзаққа созылған күшті тектоник. деформация әсерінен кейін ол үлкен таулардың бөлігіне — күрделі қатпарланған құрылымдарға айналады; 2) Жер қыртысының тектоникалық қозғалыстары жиі байқалатын бөлігі. “Геосинклиналь ” терминін ғылымға енгізіп (1873), бұл ұғымды толықтырған американ геологы геологы Э. Ог (1900) Г-ді платформаның сыңары ретінде қарады және оның ішкі құрылысы күрделі екенін, даму барысында ойыстар мен көтерілімдерге бөлінетінін көрсетті.
Геосинклиналь дамуының негізгі сатыларын неміс геологы белгіледі. Геосинклинальдарды алғаш Америка геологы жіктеді, ал олардың көшуі (миграциясы) жөніндегі пікірді айтты. Неміс геологы Геосинклинальдардың дамуы мен магмалық процестер арасындағы байланыс заңдылығын ашты; ол Г-дерді эвгеосинклинальдер мен миогеосинклинальдерге ажыратуды ұсынды. ғылымға геосинклинальдік облыс деген ұғымды енгізді (1933). Геосинклиналь дамуындағы басты жалпы ерекшеліктерді ашты (1938 — 40). Г-дердің пайда болуы мен оның келешек эволюциясында басты орын алатын терең жарылымдар жөніндегі түсінікті енгізді (1945).
Г-дерді геосинклинальдік жүйелерге топтауға болатынын көрсетті (1947). пен геосинклинальдік қатардағы құрылымдардың жіктелімін ұсынып, олардың даму сатыларын белгіледі. Белгілі бір бағытта созылып жататын жер қыртысының бөлігінде пайда болатын геосинклинальдік ойыстар біртіндеп даму нәтижесінде аса күрделі қатпарлы тау жүйесіне айналады. Ол дамудың екі сатысынан өтеді. Бастапқы кезде теңіздегі ойыстың түбі күрт төмендегенде, шөгінді жыныстардың қалың қат-қабаты өте мол жиылады. Осы кезде пайда болған жарылымдардан жанартау лавасы төгіледі. Келесі сатыда жер қыртысының көтерілуіне байланысты теңіз шегінеді де, геосинклинальдік ойыс біртіндеп тау жүйесіне айналады. Геосинклинальды құрайтын жыныстар қатпарланып жиырылғанда ірі гранит интрузиялары енеді, ал қатпарлану процестері күшейгенде терең жарылымдар пайда болады, олар арқылы жоғары көтерілген магма жер бетіне төгіледі. Жоғары көтерілген магманың жылуы іргесіндегі жыныстарға әсер етуінен және күшті тектоник. қозғалыстардың әсерінен тау жыныстары метаморфтануға шалынады. Тектоник. күшті қозғалыстармен қатар жүретін магматизм әрекеттері геохим. күшті процестердің жүруіне себепші болады да, металл, бейметалл кен байлықтарының түзілуіне жағдай туғызады.Жер қыртысының тік бағыттағы тербелу қозғалыстары, қатпарлану, түзілуі магматизм секілді құбылыстар геосинклинальдың бір тұтас даму процесінің түрлі формаларына жатады, оның ішінде пәрменді көтерілетін (геоантиклиналь) және төмендейтін (ішкі Геосинклинальдар) белдемдер болады. Төмендеулер мен көтерілулер бір-бірімен шектесіп жатады. Көтерілген жыныстардың мүжілуінен көшкен жыныс формациялары ойпаңдарды толтырады. Көтерілу мен төмендеудің ерекшелігіне қарай шөгінді жыныс формацияларында белгілі бір тетелестіктер болады. Қатпарлар жиырылу, көтерілу белдемдерінен басталып, ойыстарға қарай ауысады. Геосинклинальдардың көтерілу белдемдерінде белгілі бір бағытқа созылған, біршама тар жарылымдар арқылы бірнеше бөлшекке бөлінген өте қалың қатпарлар, ойыстарда жайпақ брахиқатпарлар (брахиантиклиналь, брахисинклиналь), күмбездер, бәктерлік ойыстарда диапир қатпарлар пайда болады. Жарылымдар Геосинклиналь даму циклінің соңында байқалады, ал терең жарылымдар оның бүкіл даму барысында ешбір толассыз онымен қатар дамиды.Геосинклинальдар геосинклинальдік белдеулерден, геосинклинальдік облыс және геосинклинальдік жүйелерге жіктеледі. Геосинклинальдік белдеулер — ұзындығы ондаған мың км өлшенетін платформалар арасында немесе оның шетін жағалай дамып өзіндік тектоник. режимімен сипатталатын енсіз аймақ. Жердің жаңа тарихында (неогенде), яғни кейінгі 1,6 млрд. жылда 5 Геосинклинальдік белдеу құрылған:
- Тынық мұхиттық белдеу, ол шеңбермен тынық мұхитын қоршай орналасқан;
- теңіздік белдеу, ол Малай топаралдарымен қосылып, Еуразияның оңт. арқылы Африканың солт. батысынан Гибралтарға дейін созылып жатыр;
- Орал — Моңғол — Охота белдеуі, ол батысы мен оңтүстікті айналып өтіп, батыс Еуропа мен Қытай —Корей платформаларын бөліп жатыр;
- Атланттық белдеу, ол Атлант мұхитының солтүстік құрлық жағалауларын қамтиды;
- Арктикалық белдеу, ол Солтүстік мұзды мұхитты айнала орналасқан. Геосинклинальдік облыстар — Геосинклинальдың белдеулердегі созылмалы бағытта бөлінетін өзіндік құрылысы мен дамуы бар бөлігі. Геосинклинальдік жүйелер — аса қозғалмалы ұзынынан созылған, дамуының басында пәрменді төмендеген, ал соңғы сатысында күшті қатпарлану мен тау көтерілуіне шалынған жер қыртысы. Геосинклинальдар аймағында көптеген кен байлықтар шоғырланатындықтан оны зерттеудің мәні зор.
Геосинклиналдар - Жер қыртысының қозғалмалы белдеулері.
Дереккөздер
- Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы - геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Қуандықов. — А.: АРНGroup, 2000 жыл. — 328 бет.
- Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003 жыл.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер