Гоацин (лат. Ophisthocomus hoazin) - Opisthocomidae тұқымдасының жалғыз түрі. Ерекшеліктеріне байланысты гоацинді арнайы отрядқа жатқызады (Opisthocomiformes). Бірақ оның систематикалық орны әлі дәл емес. Алдында оны келесі отрядтарға жатқызған: тауықтәрізділер, , көкектәрізділер, кептертәрізділер. Ұзындығы 60 см. Гоациннің алдыңғы кеудесін біраз бөлігімен кеуде бұлшық еттері жетілмеген, оның себебі жемсауының өте ірілігі. Гоациннің дене салмағының орталығы жемсау корекке толғанда дене кеудесіне қарай ауысады, олар ағаш бұталарына кеудесімен қанаттарымен сүйемелдеп, жылжиды. Нашар ұшады. Оңтүстік Американың солтүстік-батысының ірі өзендер алқабы мен олардың тармақтарында, су басқан ормандарда топтасып (40 дараққа дейін) мекендейді. Гоациндер ұя салу кезінде шағын топ құрап, су үстіндегі бұтақтарда ұя салады. 2-4 жұмыртқа салып, бірнеше ұрғашылары жұмыртқаларды басады. Балапандары жақсы жүзеді, қанаттарында екі жақсы дамыған екіден тырнақтары бар. Өсімдік жегіштер, кейде теңіз шаяндары және ұсақ балықтармен қоректенеді.
Гоацин | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||||||||||
![]() () | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Ophisthocomus hoazin (, 1776) | ||||||||||||||||
![]() Гоацин ареалы |
Дереккөздер
- BirdLife International Opisthocomus hoazin. Version 2007. (2005). Тексерілді, 24 маусым 2008.
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — орнитология бойынша мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер