Григорий Александрович Марченко (26 желтоқсан 1959 жыл Алматы қаласы) - Қазақстан Ұлттық Банк бұрынғы басшысы, банкир, қаржыгер.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOWxMMlV4TDAxaGNtTm9aVzVyYjE5SGNtbG5iM0o1TG1wd1p5OHlNakJ3ZUMxTllYSmphR1Z1YTI5ZlIzSnBaMjl5ZVM1cWNHYz0uanBn.jpg)
Мансабы
- 1984 жылы Мәскеу Мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша үздік бітіріп шықты.
- 1979-1981 жылдары әскер қатарында қызмет етті.
- 1984 - 1986 жылдары Қазақ КСР-ның Түсті металдар министрлігінің: конструкторлық-технологиялық бюросында инженер-конструктор, басқарушы кадрлар бөлімі бастығының орынбасары – Министрдің кеңесшісі болып жұмыс істеді.
- 1986 - 1988 жылдары Ғылыми- экономикалық және техникалық-экономикалық зерттеулер Қазақ ғылыми-зерттеу институтының Маркетингтік ақпарат тобының аудармашысы, редакторы, аға редакторы, топ жетекшісі болып жұмыс істеді.
- 1988 - 1990 жылдары Жартылай өткізгіш машина жасау конструкторлық бюросы секторының атқарушы директоры, «АЛОЭ» ғылыми-өндірістік кооперативтік орталығында Конструкторлық бюроның төрағасы болып жұмыс істеді.
- 1990 - 1991 жылдары Германияда оқыды, Carl Duisberg Ges тағылымдамашысы болды.
- 1991 жылы «Еуразия» аймақаралық мемлекеттік экологиялық консорциумының сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі бас сарапшысы болып жұмыс істеді.
- 1992 - 1994 жылдары Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің көмекшісі болды.
- 1994-1996 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
- 1996 жылғы қараша - 1997 жылғы қазан аралығында Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы қызметін атқарды.
- 1997 жылғы қазан - 1999 жылғы қазан аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болды.
- 1998 жылғы мамыр - 1999 жылғы қазан аралығында «Deutsche Bank –Securities (Kazakhstan)» ААҚ президенті болып жұмыс істеді.
- 1999 жылғы қазан - 2004 жылғы қаңтар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы болды.
- 2004 жылғы қаңтар – сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болды.
- 2004 жылғы сәуір – қазан аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып жұмыс істеді.
- 2004 жылғы қазан - 2009 жылғы қаңтар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болды.
- 2005 жылғы қаңтар - 2009 жылғы қаңтар аралығында «Қазақстан Халық банкі» АҚ Басқармасының Төрағасы қызметін атқарды.
- 2009 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы болып тағайындалды.
Марапаттары
- «Парасат» ордені (2001 жыл)
- «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалі (2006)
- «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» ордені (2008)
- Орталық банктің ең үздік басшысы (2003, «Euromoney» журналы)
- Жылдың ең үздік қаржыгері («Қазақстан Республикасындағы 2000 жылғы таңдау», «Қазақстан Республикасындағы 2005 жылғы таңдау»)
- Сингапур Республикасының Қазақстан Республикасындағы құрметті консулы
- Испания корольдігінің Алматы қаласындағы құрметті консулы.
Әскери атағы
- Әскери атағы - запастағы аға лейтенант.
Сүйіп оқитын әдебиеті
- Сүйіп оқитын әдебиеті - М.-В. Льоса, Ж. Сарамаго, М. Мамардашвили, .
Үй жағдайы
- Ұлы - Ярослав (1996 жылы туған). Қызы - Анастасия (2004 жылы туған).
Дереккөздер
- Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006
- Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер