Гуани́н (Гуа, Gua) — аминды өндіретін азоттық негіз. ДНҚ-да мен транскрипция жүзінде цитозинмен үш сутекті байланыс құрайды. Алғашқы рет бөлініп алынды.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOHpMek5tTDBkMVlXNXBiaTV6ZG1jdk1qSXdjSGd0UjNWaGJtbHVMbk4yWnk1d2JtYz0ucG5n.png)
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOHdMekF3TDBkMVlXNXBibVZmTTJRdWNHNW5Mekl5TUhCNExVZDFZVzVwYm1WZk0yUXVjRzVuLnBuZw==.png)
Физикалық қасиеттері
Түссіз,, аморфты кристаллды ұнтақ. Балқу температурасы: 365 °C. Гуаниннің HCl-дағы ерітіндісі жарқырап, сәулелер шығарады. Сілтілік және қышқылды орталарда ультрафиолет спектрде максимум екі абсорбциясы (λмакс) болады: 275 пен 248 нм (pH 2) және 246 мен 273 нм (pH 11).
Химиялық қасиеттері
Химиялық формуласы — C5H5N5O, молекулалық масса — 151,15 г/моль. pKa1= 3,3; pKa2= 9,2; pKa3=12,3, негізгі қасиеттерін көрсетеді.
HNO2 (азот қышқылы) гуанинмен реакцияға түскенде (ксантин) түзіледі.
Ерітілуі
Қышқылдарда жіне сілтілерде жақсы ериді, эфирде, спиртте, аммиактық және нейтралды ерітінділерде нашар ериді, суда ерімейді.
Сапалы реакциялар
- Гуанинді анықтау үшін оны метафосфорды және пикринді қышқылдармен тұндырады.
- Гуанин дизосульфоқышқылмен Na2CO3 ерітіндісінде қызыл бояуға ие болады.
Табиғатта таралуы мен маңызы
Нуклеин қышқылдарының құрамына кіреді. Алғашқы рет гуанодан бөлініп алынғандықтан, "гуанин" атауына ие болды.
Өрмекшітәрізділердің бөліп шығаратын өнімі болып табылады (Arachnida).
Дереккөздер
- Кнунянц И. Л. Краткая химическая энциклопедия т.1, М.: Советская энциклопедия, 1967
- Н. А. Тюкавкина, Ю. И. Бауков, С. Э. Зурабян. Учебник Биоорганическая химия. М:. 2010
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер