Дайрабай Ерназарұлы (1860, Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы бойы - 1937, Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылы) - күйші. Арғын тайпасының Қуандық руының бөлімінен шыққан.
Дайрабайдың бойындағы сал-серіге тән мінез-қылық, әншілік-күйшіліқ қасиет ата-анасынан дарыған. Дайрабайдың есімі Ақмола, Қараөткел, Қорғалжын төңірегіне жақсы таныс болған. "Шұбартау", "Қараторғай", "Келіншек" деген әндер шығарған. Дайрабай Кебен дейтін баймен бас араздығы салдарынан қуғын көріп, ақыры Қараөткел түрмесіне түседі. 1904 ж. түрмеден қашып шығып, ағайындарымен қоштасып, оңтүстікке бет түзейді. 1937 жылғы репрессия сүргіні басталғанда Дайрабайға "жүйрік атқа, ит жүгіртіп, құс салуға құмар, ән шығарып, күй тартқан, бұрынғы заманның сән-салтанатын жақсы көреді" деген айып тағылады. НКВД-ның қызметкерлері оны тұтқындауға келер алдында ғана әйгілі күйші көз жүмады.
"Дайрабай", "Қоштасу", "Қыр", "Сыр", "Сырдың суы", "Шөуілдір", "Әттеген-ай", т.б. күйлері бар. "Дайрабай" күйінің төрт нұсқасы белгілі.
Дереккөздер
- Алтай шежіресі, жауапты редактор -- Хакім Омар, Құрастырушы Ісләмов Ібрахым (Жақан). Алматы, «Темірқазық» баспасы, 2014
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|