![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOWpMMk5sTDBabGJHUnpjR0Z5WHpFMk5Ua3VhbkJuTHpJMU1IQjRMVVpsYkdSemNHRnlYekUyTlRrdWFuQm4uanBn.jpg)
Дала шпаттары – қаңқалы силикаттар класының өте көп тараған, тау жынысын түзетін минералдар тобы.
- Бүкіл Жер қыртысының 50%-ын құрайды.
- Дала шпаттарының моноклиндік және триклиндік сингонияда кристалданады.
- Кристалдары тақта немесе бағана пішінді.
- Түсі ақ, қызғылт, сұр, тағы басқа.
- Қаттылығы 6,0 – 6,5, меншікті салмағы 2,5 – 2,8 г/см3, балқу t 1110 – 1550°С.
- Дала шпаттары кальций-натрийлі (плагиоклаздар), калий-натрийлі (ортоклаз, микроклин, санидин, тағы басқа) және калий-барийлі болып бөлінеді.
- Дала шпаттары көптеген тау жыныстарының құрамына кіреді, граниттерде, сиениттерде, диориттерде, габброда (плагиоклаздар),тағы басқа магмалық жыныстарда жиі кездеседі. Олар метаморфтық жыныстардың (гнейс), кристалл тақтатастардың, құрамында түзіледі.
- Үгілу нәтижесінде дала шпаттары серицитке, каолинге, монтмориллонитке, сазды минералдарға айналады, ал гидротермальдық өзгерістерге және метаморфтануға шалынғанда , , мусковит, тағы басқа түзіледі.
- Дала шпаттары керамика, фарфор, шыны өнеркәсібінде, эмаль, кірпіш, бояу, бетон мен цемент әзірлеу үшін пайдаланылады. Кейбір дала шпаттары (, тағы басқа) әшекейлегіш тас, ал қаптама материал ретінде қолданылады.
Химиялық өзгешеліктері
К, N8, Са алюмосиликаттарының изоморфты қоспалары кальций мен натрийдің, калий мен натрийдің, калий мен барийдің қаңқалы алюмосиликаттары. Плагиоклаздар, сілтілі дала шпаттары және біршама сирек барий дала шпаттары болып сараланады. Кристалдар, түйірлі агрегаттар, сеппелер және тағы басқа түзеді. Жер қыртысы массасының шамамен 50%-ын құрайды. Дала шпаттарын құрайтын минералдар тобы үш ұдай жүйеге жіктеледі: катион ролін натрий атқаратын дала шпаттары альбит [N3(AlSi3O8)], калий атқаратын дала шпаттары — калийлі дала шпаттары (ортоклаз, микроклин, сандин) [К(AlSi3O8)], ал кальций атқаратын дала шпаттары анортит [Са(AlSi3O8)] деп аталады; альбит пен калийлі дала шпаттары аралығындағы минералдар сілтілі дала шпаттары деп аталса, альбит пен анорит аралығындағылары плагиоклаздар деген атауға ие.
Дереккөздер
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
- Қазақ энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — геология бойынша мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер