Деркөл, Деркүл – Жайық алабындағы өзен.
Деркөл | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 176 км |
Су алабының ауданы | 2,25 мың км² |
Су алабы | Жайық |
Өзендердің су алабы | Каспий теңізі |
Бастауы | Жалпы Сырт жотасындағы Ешкітау |
Сағасы | Шаған өзенінің оң жағы |
• Координаттары | 51°15′04″ с. е. 51°20′50″ ш. б. / 51.25111° с. е. 51.34722° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 51°15′04″ с. е. 51°20′50″ ш. б. / 51.25111° с. е. 51.34722° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданы |
Географиялық орны
Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданы жерінен ағып өтеді. Ұзындығы 176 км, су жиналатын алабы 2,25 мың км2.
Бастауы
Жалпы Сырт жотасының Ешкітауынан басталады да, Жайық өзенінің сол саласы Шағанға оң жағынан құяды.
Гидрологиясы
Жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Арнасы кең, жағасы жайпақ. Көктемгі су тасу кезінде Деркөлдің жайылмасын су басады. Өзеннің бірнеше кішігірім салалары бар. Қарашаның аяғында суы қатып, сәуірдің басында мұзы ериді. Сағасындағы жылдық орташа су ағымы 2,4 м3/с. Тұздылығы 0,5 – 1,5 г/л, суы егін суғаруға, жайылмасы шабындыққа пайдаланылады.
Дереккөздер
- Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл.
- Қазақ энциклопедиясы
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер