Қыпшақ даласы немесе Дешті Қыпшақ (парсы: دشت قپچاق) — Алтай тауларынан Дунай өзеніне дейін, Балқаш көлінен Қара теңіздің батыс жағасына дейін кең жайылған, бір жағынан , бір жағынан , бір жағынан сібір тайпаларымен, бір жағынан Кавказ халықтарымен, бір жағынан тілдес оғыз және мемлекеттерімен шектесетін дала аумағындағы жерлерін атауы.
Бұл қазіргі Қазақстанның территориясына (негізінде Сарыарқа даласына), Еділ мен Донның арасындағы, Солтүстік Кавказдағы, оңтүстік Ресейдегі территориясына, Украинаның далаларына, Каспий менен Қара теңіз маңындағы жерлеріне, славяндармен шектесетін Днепр, Днестр, Дунай өзендерінің төменгі ағымдағы жағалауына, тіпті Венгрия (Мажарстан) даласына сәйкес жерлер.
Сол даласында тек қыпшақтар ғана тұрмаған, қыпшақтарға жақын басқа түркі тайпалары тұрған (негізінде көшпенділер болған, бірақ аз-кем отырақты мәдениеті, өркениеті де дамыған еді), бірақ қыпшақтар ең күшті және ең үлкен тайпасы болғандықтан сол далаларын «Қыпшақ даласы» деп атаған. Парсы жазбаларында «Қыпшақ даласын» — «Дешті Қыпшақ» деп атаған, Ресей және Қазақстан тарихшылары бұл терминді әлі де пайдаланады. Көне орыс жазбаларында «Қыпшақ даласын» — «Половецкое поле» деп атаған, ал қыпшақтарды да оларға жақын тайпаларын да « деп атаған. Тағы бір тайпасын «печенегтер» деп атаған. Печенегтер де Қыпшақ даласында тұрған, оғыздардың бір тармағы еді.
Дереккөздер
- Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл.
- Қазақ Энциклопедиясы
«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , V том
Тағы қараңыз
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер