Диалектизм — жергілікті диалектілер мен говорларға тән тіл ерекшеліктері. Диалектизм — көркем шығармаларда әдеби тіл нормасынан ауытқу түрінде орын алады.
Диалектизмнің бірнеше түрі бар:
- Фонетикалық диалектизмдер: әдеби ө орнына ү айтылуы (өгей — үгей), б орнына п (болат — полат), ш орнына ч (малшы — малчы), ж орнына й (бұл жақ — бұйақ, сол жак, — сойак,), сөз ортасында ғ сакталуы (шаңғарақ);
- Грамматикалық диалектизмдер: көсемшенің әдеби -голы/-гелі тұлғасының -гайы/-гейі (баргайы, келгейі) аркылы, етістіктің көпше I жағы -лы/-лі арқылы жасалуы: біз баралы (барайық орнына), келелі (келейік орнына), көмектес септігінің -мынан, -бынан, -пынан қосымшалары арқылы айтылуы: атпынан, пойызбынақ;
- Лексикалық диалектизмдер:
- бойлай (унемі д. м.),
- бейсаубет (бет алды),
- жарын (келер жыл),
- рабайда (анда-санда),
- кун баю (кун бату),
- таға (нағашы),
- ашық-машық (топса),
- Лексикалық Диалектизм өз ішінен бірнешеге бөлінеді:
Нағыз лексикалық Диалектизм әдеби варианттарымен мағыналас, бірақ дыбысталуы басқаша сөздер: әдеби сірінке — кәуірт, кеуірт, оттық, шақпақ түрінде айтылады. Лексика-семантикалық Диалектизм олардың ерекшелігі дыбысталуында емес, мағынасында: әдеби тәртіп — нусқау, әд. сым — шалбар мәнінде айтылады.
- Этнографиялық Диалектизм белгілі бір жерге тән мәні барзаттар мен құбылыстарды білдіреді: жозы аласа дөнгелек үстел, әттік — қармақтың тілі, алақшын — пеш алдына шоқжаятын орын. Диалектизм көркем шығармаларда кейіпкерлер сөзінде қолданылып, шығарманын тілдік бояуын арттыру үшін қызмет етеді.
Тағы қараныз:
Дереккөздер
- Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005.
- Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер