Директорлар кеңесі — акционерлік қоғамның сайланбалы органы. Акционерлердің жалпы жиналасының айрықша құзыретіне жататын мәселелерді шешуді қоспағанда, қоғамның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады. Директорлар кеңесі қадағалаушылар кеңесі деп те аталады. Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне мына мәселелер жатады: қоғам қызметінің басым бағыттарын айқындау; акционерлердің жылдық, кезектен тыс жалпы жиналыстарын шақыру; акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту; жалпы жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімін жасау, жиналыстың өткізілетін күнін белгілеу, оны ұйымдастыруға қатысты басқа да мәселелер; акциялар бойынша дивидендтің мөлшерін және оны төлеу тәртібін белгілеу; , эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру және сатып алу бағасын айқындау, қоғамның атқарушы органын құру оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату; қоғамның бөлімшелерін құру және өкілдіктерін ашу; қоғамның сақтық қорын пайдалану; қоғамның тіркеушісін бекіту; заңда және қоғамның жарғысында көзделген өзге де мәселелер. Директорлар кеңесінің мүшелерін акционерлердің жалпы жиналысы 1 жылға сайлайды. Директорлар кеңесі акционерлердің жылдық жалпы жиналысының қарауына жылдық есепті, бухгалтерлік теңгерімді, пайда мен залал есебін, қоғамның пайдасы мен залалын бөлуді ұсынады.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы,10 том
- Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — экономика бойынша мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер