Дирижер (фр. dіrіger – бағыттау, басқару) – музыкалық шығармаларды орындаушылар тобын басқаратын жетекші. Ол музыкалық шығармалардың екпініне, динамикалық ырғағына бет құбылысы, қас-қабақ, көзқарасы мен ым, қол қимылдары, яғни қалыптасқан дирижерлік тіл арқылы жетекшілік жасайды.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOWpMMk0yTDAxaFlYcGxiRjh3T0M1cWNHY3ZNakl3Y0hndFRXRmhlbVZzWHpBNExtcHdadz09LmpwZw==.jpg)
Музыканттарды шабыттандырып, қол қимылдарына негізделген белгілі бір тәртіп пен жүйеде басқарады. Ол орындаушылардың ансамбльдік үйлесімі мен орындаушылық шеберлігін қамтамасыз етіп, шығармаға өзінің көркемдік түсінігі беруге тырысады. 18 ғасырда вокалдық немесе аспаптық капелланың, сондай-ақ, операның, кейін әскери үрмелі аспаптар оркестрінің дирижерлері капельмейстер деп аталды. 19 ғасырда симфониялық оркестрлердің дирижерлері арагідік осылай атала бастады. Хор басқарушысы хор дирижері немесе хормейстер, ал христиандардың шіркеу хорының дирижері регент деп аталады. Қазақстандағы ұлттық дирижерлік өнердің туып, қалыптасу тарихы құрып (1934), алғашқы дирижері болған А.Жұбанов есімімен байланысты. Сондай-ақ дирижерлер - Л.М.Шаргородский, Ш.Қажығалиев, Е.Г. Брусиловский, С.Шабельский, Р.Кацман, А.Мырзабековтерді атауға болады.
Дереккөздер
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер