Донор (лат. Dono — сыйлаймын) — шалаөткізгіштердегі өткізгіштік аймаққа электрон беру қабілеті бар қоспалық атом. Мысалы, Ge мен Si үшін негізгі Донор ретінде периодтық жүйенің V тобындағы элементтер Р, As, Sb қолданылады. Донор шалаөткізгіштің рұқсат етілмеген аймағында, донорлық деңгей деп аталатын жергілікті энергетикалық деңгейді құрады. Донорлық деңгей мен өткізгіштік аймақ арасындағы энергия айырымы, осыған сәйкес Донордың энергиясы, рұқсат етілмеген аймақтың енінен өлдеқайда кіші, шамамен 0,01эВ. Сондықтан донорлық шалаөткізгіште тіпті бөлме температурасының өзінде өткізгіштік аймақтағы электрондар концентрациясы валенттік аймақтағы кемтіктер концентрациясынан өлдеқайда көп. Мұндай шалаөткізгішті электрондық немесе n-типті деп атайды. Ал электрондарын беретін қоспаларды донорлық дейді. Донорлық, сондай-ақ акцепторлық қоспаларды енгізіп, таза шалаөткізгіштің өткізгіштігін кең ауқымда өзгертуге болады, осылайша р-n өткелдері жасалады.
Дереккөздер
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007
- О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.
- Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — электроника туралы мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер