Дулыға - сарбаздардың ұрысқа кірерде киетін темір немесе басқа да берік материалдан жасалған бас киім. Түркі жауынгерлері дулығасының екі жағы мен артқы етегіне темір тор тағылатын болған. Дулығалар жасалуына қарай бірнеше түрге бөлінген. Ең көне түрі көбелі дулығалар киіз, мата, теріден тігілген бас киімге сүйек, металл көбелерді бастыра тігіп жасалынған. Көбелері бас киім астарына қайыспен не шегемен бекітілген. Мұндай дулығалар көбіне көбе сауытпен киілген. Қаттама дулығалар пішінде жасалып, жібек матадан тігілген астарының ішіне жүн, мақта, кіреуке үзіктері салынған. Кейде бетті қорғау үшін маңдайдан төмен темір тілшелер орнатылады. Орта ғасырлардан бастап дулығалар темірден жасалды. Ыңғайлы болу үшін олар, көбінесе, бірнеше бөліктен құрастырылып, кұрама дулыға деп аталды. Темір дулығаның бір түрі металдан тұтастай құйылып, тұтас дулыға деп аталды. Тұтас дулығаның кейбіреуінде бетті жауып тұру үшін темір томағалары болған. Томағалы дулығалардың қорғаныстық қана емес, ырымдық, магиялық та сипаты болды.
Дереккөздер
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
- Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер