Ділдә Алшынбайқызы (1843-1924) - Абайдың бірінші әйелі.
Құнанбай мен Алшынбай Тіленшіұлы құда-жекжат болуға уағдаласып, 1860 жылы 15 жастағы Абай мен 17-дегі Ділдәні қосады. Әкесі Ақшоқыдан жер бөліп беріп, онда Абай сегіз бөлмелі қыстау салдырады. Ділдәдан Ақылбай, Хакімбай, (Әбдірахман), Мағауия, Күлбадан, (Райхан) туған. Ділдә 1860-1923 жылы Ақшоқыдағы қыстауда тұрады. асыра сілтеуі тұсында, 1923 жылы Ділдә Ақшоқыдан көшіп кетуге мәжбүр болып, Абай мен Ділдә тұтынған дүние-мүліктің бірсыпырасы әлдекімдердің қолында кеткен. Абайдың өтінішімен 1880 жылы тобықтыдан шыққан ағаш ұстасы, зергер-шебер Еспенбет жасаған зерлі ағаш төсек қана аман қалған. Оны 1939 жылы Абай ауылының адамы Нығыман Өтепбаев Жидебайдағы Абайдың музей-үйінің қорына тапсырған.
Ділдә Аралтөбедегі (Әй-керім) басына тұрғызылған төрт құлақты тамға жерленген.
Дереккөздер
- Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы,
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер