Дәулет Мықтыбаев (1 қаңтар, 1904, Қорғалжын ауданы - 4 тамыз, 1970, Алматы) – қобызшы.
Өмірбаяны
- Қобыз тарту өнерін Ықыластың шәкірті Әбікен Тоқтамысұлынан үйренген. Мықтыбаевтың сазгерлік қырының қалыптасуына қобызшы (Ықыластың ұлы) ықпалы көп тиген, одан ол «Кер толғау», «Тоғыз тарау», «Қорқыт» күйлерінің орындалу мәнерін бойына сіңіреді.
- 1933 жылдан Қарағанды облысы радио комитетінде қызмет істеді.
- 1937 жылы Қарағанды филармониясының қобызда жеке орындаушысы
- 1945 – 65 жылдары және «Қазақконцерттің» қобызда жеке орындаушысы
- 1968 жылдан Алматы мемлекеттік консерваториясында қылқобыз класы бойынша оқытушы болды.
Гастрольдік сапарлары
1934 жылы Алматыда өткен 1-Жалпықазақстандық халық өнерпаздарының слетіне қатысты.
Орындаулары
Қазақ радиосының алтын қорында Мықтыбаевтың орындауындағы
- «Аққу»
- «Ерден»
- «Қазақ»
- «Жолаушының қоңыр күйі»
- «Қамбар»
- «Кертолғау»
- «Шыңырау»
- «Жалғыз аяқ»
- «Сарын»
- «Сары дала» күйлері сақталған.
Оның қобыз тартудағы өзіндік жаңа тәсілдері оның орындаушылық стилін ерекше әрі қайталанбас деңгейге көтерді. Мықтыбаев ұлттық муз. мұраны, орындаушылық дәстүрлерін насихаттауға және танымал етуге зор үлес қосты.
Отбасы
Дәулеттің әкесі Мықтыбай, оның әкесі Әупік Тыныбекұлы Өксікбайдың қарындасы Маржанға үйленген екен. Мықтыбайдың өзі де Барақ Таманың қызына үйленіпті. Дәулет өзі жайлы әңгіме айтқанда, оның қобызға құмарлығы нағашы жұртынан жұққан екен. Қарауыл мен Өксікбай қобызшы болыпты.
Сыртқы сілтемелер
- Malimetter.kz Дәулет Мықтыбаев реферат (қазақша)
Дереккөздер
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
- "Созақ өңірі". Сүлеймен Тәбірізұлы. 202-бет. - Алматы: "Дәуір" баспасы, 2007 ж. .
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер