ЕБЕЛЕК (Ceratocarpus) – алабұта тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Бетпақдалада, Мойынқұмда, Қызылқұмда, Есіл – Тобыл, Ертіс өзендері мен Каспий, Арал теңіздері маңында, Зайсанда, Балқаш – Алакөл ойысында, шөл, шөлейт аймақтардағы құм, құмайт, сор топырақты, қиыршық тасты жерлерде өсетін құм Ебелегі (C. Arenarіus) және қалталы Е. (C. Utrіculosus) деген түрлері бар. Олардың биіктігі 3 – 30 см . Сабағы көп бұтақты болғандықтан өсімдік шар тәрізді дөңгелек болып көрінеді. Сабағын қалың түк басқан, оның сұрғылт не сарғыш болатыны соған байланысты. Жапырағы үш-үштен шоқтанып, кезектесіп орналасады. Гүлі дара жынысты, 2 – 5-тен жапырақ қолтығына жиналған. Сәуір – маусым айларында гүлдейді. Жемісі түкті, жоғары жағы сүйірлеу, үстіңгі жағында және бүйірінде қылтықты екі өскіні болады. Жемісі пісіп жетілгенде түбінен үзіледі де, желмен таралады. Ебелекті төрт түлік мал сүйсініп жейді.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOHpMek0wTDBObGNtRjBiMk5vYVd4MWMxOWlhV2RzWVc1a2RXeHZjM1Z6WDA5eVkyaHBYekEzTUM1cWNHY3ZNVGt3Y0hndFEyVnlZWFJ2WTJocGJIVnpYMkpwWjJ4aGJtUjFiRzl6ZFhOZlQzSmphR2xmTURjd0xtcHdadz09LmpwZw==.jpg)
Дереккөздер
- Қазақ Энциклопедиясы
- «Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006;
“Қазақ Энциклопедиясы”, 5-том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер