Егінсу ауылдық округі – Жетісу облысы, Ақсу ауданындағы әкімшілік бірлік.
Қазақстан ауылдық округі | |
Егінсу ауылдық округі | |
Облысы | |
---|---|
Ауданы | |
Округ орталығы | |
Енеді | 2 ауыл |
Тұрғыны (2021) | ▲611 |
Уақыт белдеуі |
|
Автомобиль коды | 19 |
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODFMelZtTDBScGMyRnRZbWxuWDJkeVlYa3VjM1puTHpJeWNIZ3RSR2x6WVcxaWFXZGZaM0poZVM1emRtY3VjRzVuLnBuZw==.png)
Әкімшілік құрамы
Құрамына Егінсу ауылы, Құмтөбе темір жол бекеті кіреді. Орталығы – Егінсу ауылы.
Елді мекен | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Егінсу ауылы | 579 | ▲586 | 101,2 | 304 | ▼293 | 96,4 | 275 | ▲293 | 106,5 |
Құмтөбе т/ж бекеті | 19 | ▲25 | 131,6 | 14 | ▼10 | 71,4 | 5 | ▲15 | 300 |
Жалпы саны | 598 | ▲611 | 102,2 | 318 | ▼303 | 95,3 | 280 | ▲308 | 110 |
Жер бедері, климаты
Егінсу аумағы шөл, шөлейтті болып келеді. Шағыл-шағыл құм арасы құрғақшылыққа төзімді сексеуіл, тораңғы, жиде, шеңгел, жыңғыл сияқты бұтақты ағаштарға бай. Жазық жерлер мен ойдым-ойдым саздауыт ойпаттар еркек шөп, теріскен, ран, көкпек, изен-жусан, көк шалғынды. Көктем айларында қар суы кең жайылып, ояң жерлерде шабындық шөптің қаулап өсуіне жағдай туады. Шөл-шөлейт аймақтың қысы суық, аязды келеді, қар қалың түспейді, жазы ыстық, көктем, күз айларында құм үйірген қара құйын соққанда кейде көз аштырмайды. Солай дегенмен шағыл-шағыл жалаңбас құм төбешіктер қыс айларында ашық жататындықтан мал отарлауға қолайлы. Даласы елік, ақ бөкен, қара құйрық, жабайы шошқа, қоян, сары шұнақ, тағы басқа аңдарға, қырғауыл, шіл, қаз-үйрек сияқты құстарға бай. Сондықтан ел арасында “бұта түбі - бір асым ет” деген мақал қалған. Ертеде бұл жерлерде құлан, жолбарыс болғанын аңыз етеді. Бәрі жойылып біткен.
Дереккөздер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер