Елубай Өмірзақов (1 қаңтар 1899 жыл, қазіргі Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы – 2 сәуір 1974 жыл, Алматы) — қазақ актёры, ұлттық театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақ АКСР-інің халық артисі (1931).
Елубай Өмірзақов | |
Өмірзақов Григорий Рошальмен бірге | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы |
|
Мамандығы | |
Белсенді жылдары | |
IMDb |
Өмірбаяны
Найман тайпасының Қаратай руынан.
Өмірзақов еңбекке ерте араласты. Болашақ актердің талантын танып, өнерге баулыған әрі оны оқуға үйреткен сол кездері (1914) ауыл ұстазы, жазушы-драматург Б.Майлин.
1923 – 1925 жылдары Орынбор қаласындағы Қазақ халық ағарту институтында оқыған.
1924 жылы Орынбор қаласында қойылған М.Әуезовтің “Еңлік – Кебегі” және “Малқамбайында” Өмірзақов Абыз бен рөлдерінде ойнады. Бұл актердің сахналық өнерге бүтіндей бет бұруына үлкен әсер етті.
1925 жылы Қызылорда қаласында (қазіргі Қазақ мемлекеттік академия драма театры) құрылғанда , , және С.Оспановпен бірге Өмірзақов та алғашқы ұлт театрының іргетасын қалап, оның өркен жаюына мол үлес қосты.
1927 жылы Мәскеу қаласында өткен этнографиялық концертке қатысты.
1931 жылы қазақ сахна шеберлері қатарынан режисер бірге театрдың бес жылдық мерекесіне байланысты Өмірзақов республиканың тұңғыш халық артисі атағына ие болды.
Өмірзақов қазіргі Қазақтың мемлекеттік академия опера және балет театрын (1934) ұйымдастырушылардың бірі, осы театр сахнасында қойылған Әуезов пен И.В. Коцыктың “” (1934) және Майлин мен “” сияқты музыка спектакльдерінде халық өкілі, тапқыр Жарас пен күзетші Қайрақбайдың рөлін орындады.
1930 – 1940 жылдары драма театрында ойнаумен ғана шектелмей, радио мен филармонияға, эстрадалық концерттер мен кино өнерінің дамуына да қызу ат салысты, табиғи талантының әр қырынан танылды. Халық өнерінің қайнар көзінен нәр алған Өмірзақов әйгілі халық батыры Амангелдінің (әуелі Майлин мен Ғ.М. Мүсіреповтің осы аттас спектаклінде; одан кейін осы аттас фильмде, 1938), сондай-ақ Жарас пен Дәркембайдың бейнесін (Әуезовтің “” мен “Абайында”; соңғы рөлі үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді, 1952) шеберлікпен сомдады.
Мәдениетке қосқан үлесі
Өмірзақов ойнаған рөлдерінің саны 150-ден астам, олардың қатарына Асан, Кеңгірбай, Қазан (Әуезов “”, “”, “”), Мұңайтпас, Жалмұқан (Мүсірепов “Амангелді”, “”), Мырқал ( “”), Есіркеп ( “”), Костя – капитан, В.И. Ленин ( “Ақсүйектер”, “”), Пантелеев ( “”), Караваев (Д.А. Фурмановтың “Бүліншілігі” бойынша), Романов ( “Астық”), Кочкарев, Осип (Н.В. Гоголь “”, “Ревизор”), Отелло (У.Шекспирдің осы аттас трагедиясында), т.б. Өмірзақов актерлік шеберлігінің ерекшелігі сөзінен гөрі сахналық қимыл-қозғалысы мен мимикасында, ол әрбір кейіпкерінің мінезін, табиғатын ішкі сезім дүниесіне лайықтап, өзінің бүкіл дене бітімін құбылтып, құлпыртып ойнауға өте шебер сахна суреткері болған.
1938 жылдан киноға түсті: Жексен (“”, 1940), Ерден (“Абай әні”, , Ақтанбай (“Дала қызы”, 1954), Бақсы (“Атамекен”, 1967; Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығы, 1968), т.б. 2-дүниежүзілік соғыс (1942 – 1943) жылдары майданның алғы шептерінде болып, жауынгерлерге мәдени қызмет көрсетті.
Өмірзақов халық әндерін (“”, “”, “”, “”, “”, т.б.) шебер орындаушы ретінде де белгілі. 1936 және 1958 жылдары Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты.
Фильмографиясы
- 1938 - Амангелді - Аманкелді Иманов
- 1940 - - Жақсен бай
- 1945 - Абай әндері - Ерден
- 1948 - Алтын керней - Тұрдықұлов
- 1952 - Жамбыл - Сүйінбай
- 1954 - Дала қызы - Ақтанбай
- 1955 - Бұл Шұғылада болған еді - Жанас
- 1958 - - Мұрат
- 1959 - Өмір жолында - қарт
- 1959 - - Күзкелдей
- 1961 - Егер біздің әрқайсымыз... - Күндебай
- 1964 - - Иса бақсы
- 1965 - Еңлікгүл шешек атқанда - Баршамбек
- 1965 - Шыңдағы шынарда - молда
- 1966 - - ата
- 1968 - Мың шақырымдық жол - Ырымғали
- 1970 - Ақ шаршы алаң - эпизод
- 1970 - Атаманның ақыры - эпизод
- 1971 - - Қалмат
- 1971 - - эпизод
- 1971 - - ақсақал
- 1971 - - Ка-Кху
- 1972 - Арман асуы - ақсақал
- 1973 - - эпизод
Марапаттары және ол туралы естелік
1975 жылдан Алматы қаласында ол тұрған үйге (Қабанбай батыр көшесі, 89-үй) мемориалдық тақта орнатылып, актер есімімен көше (бұрынғы 14-линия) және Қостанай облысы филармониясы аталды. Бірнеше орден, медальдармен марапатталған.
Дереккөздер
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер