Ертең кетем — музыка өнерінің классигі, күйші-композитор Құрманғазы Сағырбайұлының күйі.
Тарихы
Ж.Нәжімеденов Құрманғазының «Ертең кетем» күйіндегі өзекті ойды күйшінің монологы ретінде:
Жаппай-ақ қой қораны да,
бақпай-ақ қой түрме есігін.
Түн – тым суық, оранып ап,
ұйықташы, дос, бір көсіліп.
Әр дыбысқа қарай қалып,
әуре болма, не түңілме.
Шылымды әзір сор ойланып,
кейін ойсыз өкінуге.
Көп қадалма қыр ұлына –
Көзінді құр талдырады.
Өзім кетсем, орыныма
кісенімді қалдырамын.
Мынау жермен кім жүрді, кім?
Бұғауға көп сүйенбелік.
Менен қалса, шынжырды бұл
басқа біреу киер келіп.
...
Кетем, кетем, ар-үнім шын
Солай дейді – көну керек.
Мынау торда қалу үшін
тым есуас болу керек, - деп мұндай мазаққа көнбейтінін бірауыз сөзбен жеткізген.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер